Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Жаңа Қазақстан- жаңа реформамен

Жаңа Қазақстан- жаңа реформамен

​Сәтбаев қаласының мемлекеттік архивінің ұжымы болашаққа бағдар түзетін жыл сайынғы дәстүрлі жолдауды тыңдады.
​Парламент палаталарының бірлескен сессиясының ашылуында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы жолдауын жариялады. Билік тармақтарының барлық өкілдері бас қосқан алқалы жиында алдағы жұмыстың бағыт-бағдарын айқындап, нақты тапсырмалар берді, жаңа міндеттер жүктеді.
Президент жаңа экономикалық жүйеге көшу кезеңінде алдымен еліміздің оған қандай мүмкіндіктері мен әлеуеті бар екенін, қандай тәжірибеге сүйеніп, экономиканың қай секторын дамыту арқылы қол жеткізуге болатынын нақты көрсетті.Тоғыз нақты бағыттар бойынша тапсырмалар берілді.
Жолдауда кадр тапшылығы туралы да айтылды.Расымен де жоғары лауазымға ие болғысы келетіндер көп, бірақ олардың біліктілігі тиісті талапқа сай келмейді демек, кадр мәселесін міндетті түрде қолға алып, сапалы мамандар тәрбиелеу қажет. Бұл да бір құптайтын іс.
Президент өз жолдауының соңында даму жолымыз әрдайым теп-тегіс, даңғыл болмайтынын, ешкім де сырттан келіп, Қазақстанды көркейтіп жібермейтінін, ол үшін еліміздің әрбір азаматы заман талабына сай болуға тиістігін, жалпы халқымыздың осындай дағдарыс кезінде біртұтас болуы керектігін айтты.
«Берекелі бірлігімізді сақтап, табанды еңбек етсек, Отанымызды көркейтіп, ұрпаққа дамыған мемлекет ретінде табыстасақ, бабалар аманатына адалдық — осы» деген Президент жолдауын бізде толық қолдаймыз.

А.Байжуманова,

Сәтбаев қаласының мемлекеттік
архивінің қызметкері

09:05
70
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.