Cыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!
Бүгін Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022—2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру және әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру мақсатында, BIRGEDAMYUSHIN Ұлытау облысы аумағы бойынша 7—16 жас балалар арасындағы «Менің түсінігімдегі сыбайлас жемқорлық» тақырыбына сурет салу шығармашылық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Жеңімпаздар жоғары топ 12—16 жас және кіші топ 7—11 жас аралығындағы қатысушылар топтарынан іріктелді. Жүлделі орындарға жоғары топтан Жанұзақ Нұрай — 1 орын, Болсынова Алуа Ерланқызы — 2 орын, Акпаева Аружан Қанатқызы — 3 орын, кіші топтан Айтбек Әділ Нұртілекұлы — 1 орын, Қожантай Тамира — 2 орын, Ахметова Еркеназ Сәбитқызы –3 орынға ие болды. Айрықша көрермен көзайымы номинациясымен Оразалы Бейбарыс Жәнібекұлы марапатталды. Сондай-ақ, ең кішкентай үздік қатысушы номинацияларымен Мақпұл Дамели Ернарқызы және Оразбекова Агния Динмухамбетовна марапатталды. Конкурсқа қатысушы барлық балалар жұбаныш сыйлықтармен мадақталды.