Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Реформалар – ел дамуындағы маңызды кезең

Реформалар – ел дамуындағы маңызды кезең

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалары бүгінгі күнде жүйелі түрде іске асырылуда. Реформалар негізгі саяси институттардың барлығын қамтиды.

Соның ішінде Сот жəне құқық қорғау жүйесін жетілдіру саласындағы реформалар: Конституциялық кеңестің Конституциялық сот болып өзгеруі, адам құқықтары жөніндегі уəкілдің мəртебесі мен қызметін Конституцияда жеке бап ретінде регламенттелуі, адам құқықтары жөніндегі уəкілге Конституциялық сотқа жүгіну құқығының берілуі, Прокуратура, адам құқықтары жөніндегі уəкіл туралы заңдарға Конституциялық заңдар мəртебесін беру; Жоғарғы Сот Кеңесі отырыстарын онлайн өткізу, Жоғарғы Сот Кеңесінің конкурс қорытындысы бойынша түсініктемелерін жариялау, Алқабилер сотының қатысуымен өтетін істердің санатын кеңейту, Бас прокуратураға азаптау туралы істердің айрықша тергелуін белгілеу, Конституциядан өлім жазасын жазалау түрі ретінде алып тастау. Сот жəне құқық қорғау жүйесін жетілдіру саласындағы бұл реформалар – еліміздегі барша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Бүгінгі таңда реформалардың нəтижесінде мемлекетімізде халық үніне құлақ асатын билікті қалыптастыруға мүмкіндік туындауда.
Осы орайда, егеменді ел, Тəуелсіз Қазақстан құру жолында Мемлекеттік басшысының жыл сайынғы дəстүрлі Жолдауы аса маңызды рөл атқаратындығы баршамызға мəлім. Жолдауда берілген тапсырмалар, айқындалған мақсат, міндеттер, елдің болашағы үшін ойластырған бастама, бағдарламалар кезең-кезеңмен жүзеге асырылып жатқандығын көріп отырмыз. Еліміздің болашағы – өсіп келе жатқан ұрпағымыз. «Ұлттық қордан-балаларға» мемлекеттік жобасы 2024 жылдан жұмысын бастағалы отыр. Өте қуанарлық жағдай. 18 жасқа толған баланың үй алуына немесе оқу ақысын төлеуіне үлкен қолдау екендігі айтпаса да маңызды. Президентіміз су ресурсы жөнінде де үкіметке айрықша тапсырма берді. Суды үнемдеу, су ресурсын үнемдейтін технологияны енгізу, су қорына үнем жасауды қалыптастыру жұмыстарын тапсырды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев елімізде кенже қалған туризм саласын да ерекше атап өтті. Туризм бағытында серпінді жобалар əзірлеу қажет екендігін айтты. Қорыта келгенде, Жолдауда берілген тапсырмалар орындалса, еліміздің дамуы ілгерілейді, экономикалық əлауқат одан əрі жақсаратындығына сенімдімін.

Гүлдана АХМЕТОВА,
Қаракеңгір ауылдық округі əкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

09:30
88
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.