Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Табысты ұлт болудың басты шарты — білім

Табысты ұлт болудың басты шарты — білім

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауы бүгінгі қоғамның бірқатар өзекті мәселелерін шешуге бағытталған.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартудың тың жолдары айқындалып, заманауи жобаларды жүзеге асыру ісі жоспарланған. Оның ішінде еліміздің білім беру саласында жасалатын оң өзгерістерге назар аударады. Жолдауда білім беру саласының барлық тармақтарына қатысты мәселелер қамтылған. Мектепке дейінгі дайындық, орта білім, кәсіби білім беретін оқу орындары және жоғары білім беру саласының қордаланған өзекті мәселелері алдағы уақытта өз шешімін табады деп сенеміз. Атап айтқанда, жас жеткіншектерді балабақшада тәрбиелеу ісі, балаларды біліммен толыққанды қамту мәселесін шешу көзделген. Қазіргі таңда балабақша жасындағы балаларды тәрбиелеу ісіне күрделі өзгерістер керек.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев орта білім саласын «Табысты ұлт болудың маңызды шарты» деп бағалайды. ХХІ ғасыр білім мен біліктілік сынға түсетін тарихи уақыт. Сол себепті өскелең ұрпақтың білім алуына толыққанды жағдай жасалғанда ғана халқымыз табысты ұлт деңгейіне көтеріле алмақ.
Осы орайда, Жолдауда көтерілген «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының қолға алынуы құптарлық жайт. 2025 жылға дейін 800 мың бала заманауи мектептермен қамтылады.
Бұл дегеніміз білім саласындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыратын маңызды фактор деп саналады. Жолдау — еліміздің болашағы жастары үшін жоғары білім алуды барынша қол жетімді етуге бағытталған. Мысалы: «Отандық жоғары оқу орындарының білім сапасы артқан сайын ондағы оқу ақысы да өсе түседі. Сондықтан мемлекет ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесіне және басқа да көрсеткіштерге байланысты білім беру гранттарын әртүрлі деңгейде бөлуді жоспарлап отыр. Оның көлемі 30-дан 100 пайызға дейінгі аралықта болады”,-делінген Жолдауда. Қорыта келе, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында айтылған мәселелер Әділетті Қазақстанды құруда ролі жоғары. Сол себепті де Жолдауда айтылған бастамалар қоғам мүшелерінің тарапынан қолдауға ие болып, қолға алынған жобалар мен міндеттерді барынша белсенділікпен орындауға атсалысу қазақстандықтар үшін маңызды мәселе.

Нұрлан Тұнғышбайұлы,
Бидайық ауылының тұрғыны

08:25
71
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.