Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Ұлытау облысы прокуратурасы интернет алаяқтықтардың түрлері және олардан қорғану тәсілін түсіндіреді

Ұлытау облысы прокуратурасы  интернет алаяқтықтардың түрлері және олардан қорғану тәсілін түсіндіреді

Интернеттегі алаяқтық дегеніміз не?

Интернет-алаяқтық деп – ақпараттық жүйені пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемденуді айтамыз. Яғни, бұл жерде қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап-арбап, олардан ақша бопсалау, мүлкін жымқыру секілді қылмыстық әрекеттер.

Алаяқтар қалай әрекет етеді?

—   Алаяқтық қылмыстар келесі интернет жүйесінде (Koleso.kz, OLX.kz, Instagram, Krisha.kz, Market.kz. Kaspi KZ) көп орын алады. 

— Әлеуметтік желілердегі парақшаларды бұзады немесе көшіреді және туыстарының немесе таныстарының атынан материалдық көмек сұрайды.

— Өзін банктердің қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, клиенттерге қоңырау шалып, шоттар бойынша күдікті операциялар немесе жүйенің іркілістері туралы хабарлайды. Содан кейін олар жалған шотқа ақша аударуды ұсынады, барлық қаражат есептен шығарылатын карта бойынша толық деректерді алады.

— Kaspi KZ банктік жүйеден жеке счеттарыңызға шектеу қойылған деп жалған смс-хабарлама келу арқылы есептік счеттарыңызға толықтай мәлемет алады.

— Шағын сыйақы үшін банк несиелері мен шағын несиелер бойынша қарыздарды есептен шығаруға көмек ұсынады.

— Үшінші тұлғаларға олардың құжаттары мен банк карталарының нөмірлерін пайдалана отырып, үлкен сомаларға онлайн-кредиттер ресімдейді. Ол үшін олардың қолында жеке куәліктің фотосуреті және жәбірленушінің картасы туралы мәліметтер болуы жеткілікті.

—   Белгілі бір үлкен компанияларға инвистиция жасау немесе акционерлік бөлшегін сатып алу.   Изображение

Өзіңізді интернет алаяқтарынан қалай қорғауға болады?

— Интернет жүйесі арқылы келген сілтеме бойынша өткен кезде мекенжай жолына, яғни, доменнің дұрыстығына, акция жүргізетін ұйымның не компанияның ресми атауындағы артық символдарға назар аудару керек.

— Алаяқ екенін сезінсеңіз  дереу қоңырауды үзіңіз.

— Әлеуметтік желілердегі өз профиліңіздің дербестігін баптауларда байланыс деректерін (қызметтік және жеке телефон нөмірі) көпшілікке қолжетімді етпеген дұрыс. Мобильдік нөмірді (бизнес-аккаунт) көрсету қажет болған жағдайда, жеке және жұмыс нөмірлерін бөлу қажет, яғни, жеке нөмірді туыстармен және жақындармен байланысу үшін ғана пайдаланған дұрыс.

— Есептік деректеріңізді үнемі тексеріп, көп факторлы аутентификация пайдаланылатын сенімді парольдерді қолданыңыз.

— Браузерде, операциялық жүйеде және мобильдік құрылғыларда пайда болатын түрлі терезелер мен хабарламаларға қатысты абай болыңыздар.

— Банк картаңыздың деректерін сақтап, картаның сыртқы жағындағы 3 санды CVV/CVC-кодын ешкімге айтпаңыз. Сондай-ақ, банктен келіп түсетін SMS-кодты ешбір жағдайда бейтаныс жандарға хабарламаңыз.

— Интернетке қол жеткізудің ашық қоғамдық Wi-Fi-нүктелеріне сенбеңіз, сонымен қатар өз аутентификациялық деректеріңізді қорғалмаған сымсыз желілер арқылы енгізбеуге тырысыңыз.

— Бопсалаушылардың телефон бойынша талаптарын орындамаңыз, ал егер Сіз интернет-алаяқтардың құрбаны болсаңыз ең жақын полиция бөліміне немесе 102 телефоны арқылы дереу жүгініңіз.

— Жеке деректерді, жеке куәлік деректерін, банк карталарының деректерін және тағы басқа мәліметтерді қамтитын құжаттарыңыздың көшірмелері бен банк картасының суретін ешкімге жібермеңіз.

Күдікті интернет-ресурстар немесе ақшалай пайдаға үміттендіретін сілтемелер айқындалған жағдайда дереу құзырлы органға хабарлаңыз.

ЕСТЕРІҢІЗДЕ БОЛСЫН !

Банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері жеке шоттарыңыздағы мәселелер бойынша ешқашан қоңырау шалмайды.

Ұлытау облысының прокуратурасы азаматтарды интернет алаяқтарының құрықтарына түспеуге шақырады.

Сондықтан, егерде Сізге қоңырау шалып, өзіңіздің шотыңыздағы түсініксіз транзакцияларды тоқтату үшін, SMS-тен код сұраса, телефон арқылы сөйлесуді аяқтап, қызмет көрсететін банкке хабарласқандарыңыз жөн.

  Интернет алаяқтық бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабында (Алаяқтық) көрсетілгендей он жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Изображение

Ұлытау облысы прокуратурасының мемлекеттік айыпты қолдау және апелляциялық сатыда қатысу Басқармасы

17:40
81
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.