Sports News: Ұлытауда ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан кейін - Агенттік) құрылу күніне орай ұйымдастырылған мини-футболдан турнир өтті
Ұлытау облысы бойынша ҚМА-ның Департамент (бұдан кейін — Департамент) басшылығының бастамасымен құрылымдық бөліністер арасында өткен футболдық турнир ұйымдастырылды.
Жарыс 28 қаңтар – Агенттіктің құрылған күніне орай Жезқазған қаласының Спортты дамыту орталығында өткізілді.
Спорт матчін Департамент басшысының орынбасары Қуаныш Шынтаев командаларға сәттілік жолдай отырып ашты.
Ойын қызықты сәттерімен есте қалды, соғылған голдар командалар жанкүйерлерінің зор қошаметімен қарсы алынды.
Барлық қатысушыларға алғыс және келешекте жарыстар сәтті өтуіне тілек білдірілді!