Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Басым бағыттар белгіленді

Басым бағыттар белгіленді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ел дамуының алдағы кезеңдегі басым бағыттарын белгілеп берді.

Алдыңғы жолдаулармен салыстырғанда бұл жолы экономикамен байланыстыра отырып, ұлттық қауіпсіздікке ерекше мән берілді. Айтылған тұжырымдамалардың көбі әскери өнеркәсіп, сумен қамту немесе электр энергиясын өндіру сияқты көп бағыт бойынша елдің қауіпсіздігін күшейту керек деген идеяға саяды. Қазақстан тәуелсіз әрі аяғынан нық тұрған мемлекет болуы үшін ресурс, кадр, шикізат — бәрі өзімізден болуы керек деген сөзге назар аудардым. Экономикалық саясаттың жаңа моделіне көшудің нақты және тиімді тетіктері айқындалды. Олар әділдік, инклюзивтілік, тиімділік және прагматизм қағидаларына табан тірейді. Ұсынылған шаралар экономикадағы құрылымдық өзгерістерге және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған.  Ұлттық бизнестің мүддесін қорғау, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау да Президентіміздің ерекше назарында. Сондай-ақ Жолдауда инвестиция тарту бойынша нақты шаралар көрсетілді. Осы ретте өңдеу өнеркәсібіне серпін беру үшін шетелдік және отандық инвесторлар алғашқы үш жылда салықтан босатылатынын баса айту керек. Реформалардың маңызды бағыттарының бірі — салық және бюджет заңнамасын одан әрі жетілдіру. Бұл ретте Парламент Үкіметпен бірлесіп, елдегі кәсіпкерлік және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі тетіктерді пысықтайды.  Сонымен қатар Мемлекет басшысы су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Осы салада қордаланған проблемаларды жүйелі шешу үшін жеке министрлік құрылды. Мұндай қадам еліміздегі су қауіпсіздігі мәселелерін мақсатты түрде шешуге және саланы жоспарлы дамытуға мүмкіндік береді.  Президентіміз көлік-логистика саласын да одан әрі дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Жаңа бастамалар еліміздің қуатты логистикалық әлеуетін тиімді іске асыруға жол ашатыны анық. Жаңадан құрылған Көлік министрлігі осы бағыт бойынша кешенді жұмыстар жүргізеді. Мемлекет басшысының осы және өзге де бастамалары, ең бірінші кезекте, азаматтарымыздың әлауқатын арттыруға және экономикамызды әртараптандыруға бағытталған. Қазіргі таңда әлемдегі ахуал өте күрделі. Аталған бастамаларды іске асыру осы шешуші кезеңде еліміздің теңгерімді және сапалы дамуына тың серпін береді. Қорыта келгенде, экономикалық саясаттың жаңа үлгісін жүзеге асыру еліміздің тұрақты, сапалы әрі ұзақ мерзімді экономикалық дамуына негіз болады. Бұл бастамалардың барлығы Әділетті Қазақстан құру ісіне сомды үлес қосатыны сөзсіз.

Жалғасбек Жәнібекұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

11:40
22
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.