Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Сыбайлас жемқорлыққа ЖОҚ де

Сыбайлас жемқорлыққа ЖОҚ де

Темір тордың ар жағында отырған азаматтар үшін бостандық аласармас армандай көрінеді. Себебі біз өткізе алмай жатқан уақыттың әр минуты мен секунды олар үшін шексіздікпен пара-пар. Барыңды бағалау, өкінішсіз өмір сүру қандай әдемі десеңізші. Дегенмен қолда барда қадірі жоқ деген тағы бар. Бар мен шынайы жоқтың ара-жігін ажырата алмай, қателесіп баз кешкен де сізге таныс, ал біреуге аға, қарындас, туысқан. Ақшамен ертегідей өмір сүріп кетемін деп ойлап, ессіздік пен «ах» ұруға алып келерін тек темір тордың ар жағында ғана ұғары хақ. Білімсіздік пен білместік қатар жүрмесе, заңды белшесінен басқандар саны азаяр ма еді?!
Қылмыстық істі жүргізуші тергеушілер мен белді органдардағы қызметкерлердің айтуынша жемқорлық жасаушы тұлғалар статистикаға сүйенсек жемқорлыққа мұқтаждықтан бөлек, айлықтың аздығы мен өз өмірлерін қанағат тұтпай, өзгенің өміріне қызығудан қылмыстық іске барады екен. Көп жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері жемқорлық жасаушы адам қылмыстық іске барар алдын, тек үстірт ойлайды мыс. Тек өкілетті органдардың атап айтқанда полиция, антикор, ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері күдіктіні тергеу барысында ғана иллюзиялық ойдан шығып, болып жатқан оқиғаға реалисттік тұрғыда қарай бастайды. Сот процессі өтіп жатқан бетте, қамауға алу жайлы үкім шығарылған кезде ғана өкініш сезімінің айқын белгілері көрінеді екен. Жемқорлық-­мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді. Соның ішінде, халық парақорлық дертімен жиі әрі бетпе-бет келуде. Мұның кеселі пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керек. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне абыройсыздық ұялатады, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Осы ретте әр құзырлы органдарда Әдеп жөніндегі уәкіл сыбайлас жемқорлықтың алдын-­алуда мемлекеттік қызметшілерге профилактикалық жұмыстарды белсенді жүргізуде. Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбір азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы. Қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу біздің басты міндетіміз!


Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Арайлым Амангелдіқызы.

12:40
37
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.