Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

ЖОЛДАУ –ЕЛДІҢ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БАСТЫ ҚҰЖАТЫ

ЖОЛДАУ –ЕЛДІҢ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БАСТЫ ҚҰЖАТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы Мемлекетіміздің дамуына негізгі басты бағыт.

Жалпы әр Жолдаудың мән-маңызы, мақсаты ерекше, айырмашылығы да айтарлықтай. Осы Жолдауда айтылған Президент тапсырмасын орындауға жұдырықтай жұмылып, күш-біріктіріп, талапқа сай жұмыс жасау керек. Бұл Жолдау еліміздің экономикалық мәселелерге бағытталуы да тегін емес. Ел экономикасы дамыса, халықтың да әл-ауқаты, тұрмыс-тіршілігі нығайып, болашаққа сенімдері арта түсері анық.

Бүгінде Президенттің бастамаларының басым көпшілігі жүзеге асты. Бірқатар жұмыстар жалғасып жатыр. 2020 жылдан бері дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді.

Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастады. Шын мәнінде, көп жұмыстар атқарылды, болашақта да өз жалғасын табады деген сенімім жоғары.

Өзімізге мәлім, былтырдан бері елімізде ауқымды саяси жаңғыру жұмыстары жүргізілді. Небәрі бір жарым жылдың ішінде көптеген өзгеріс жасалды. Оған баршамыз куәміз, реформаны жүзеге асыру үшін белсенді түрде жұмыс істеп келеміз. Осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыруымыз қажет.

Бұл Жолдаудың басты ерекшелігі – берілген тапсырмалардың нақты мерзімге қойылуында. Олар бір жағынан қысқа, екінші жағынан орташа қысқа мерзімнің айқындалуымен айшықталған. Жыл сайынғы Жолдаулардың басты проблемасы – олар үнемі бірінің үстіне бірі қабаттасып отыратын, кейбір жаңа мақсаттар мен міндеттер басқа Жолдаулардың алдыңғы мақсаттары мен міндеттеріне үстемеленіп, ал алдыңғы тапсырмалар орындалу барысы туралы есеп берілмейтін. Бұл Жолдау ондай емес. Яғни, ұмытылған миссияға жол берілмейтіндігін көрсетті. Сонымен қатар бұл Жолдау биылғы жылда атқарылған ісшараларға бұқара халық алдында берілген есеп ретінде де ерекшеленді.

Мен Мемлекет басшысының кез-келген келелі жиында айтқан бастамаларын, тың идеяларын, елімізге пайдасы өте зор реформаларын толықтай қолдаймын. Ал, Жолдау сыртқы-ішкі саясатты қамти отырып, қазақ елінің өркениетті елдер қатарынан ойып орын алып, Мемлекет тарапынан әлеуметтік және экономикалық салаларға бағытталған міндет-межелер орындалады деп сенемін. Ол үшін Жолдауда жүктелген міндеттерді жиі насихаттап, оның аясында атқарылып жатқан жұмыстарға халықтың көзін

жеткізу керек. Сонда қоғамда кері пікірлер қалыптаспайды. Елдің болашаққа деген сенімі одан сайын нығая түседі, үміттері артады. («Сарыарқа» газетінен)

Ізтөлеу ТҮСІПОВ, қоғам белсендісі

14:45
68
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.