Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Жолдау — елдің өркендеуінің басты құжаты. Жолдау — ел әлеуетін көтеруге жаңа бағыт береді.

Жолдау — елдің өркендеуінің басты құжаты. Жолдау — ел әлеуетін көтеруге жаңа бағыт береді.

2 қыркүйекте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауын жариялады. «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм». Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы осылай аталады. Ол әдеттегідей барлық басым бағыттарды қамтыды.

Маңызды құжатта әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінді. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шара қолға алынды.

Халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін бастамалар экономиканың жаңа үлгісіне өту барысында да тоқтамай жалғасын тауып, тікелей Президенттің бақылауында болатынына көзіміз жетіп келеді. Жолдауда еліміздің жеткен жетістіктері мен халықтың жағдайын жақсарту қағазда емес, шын мәнінде жүзеге асу керек, қазіргі таңда экономикалық зор серпіліс жасауға мүмкіндік бар, тек батыр жұмыс жасап, батыл шешімдер қабылдау керек деген сөздер айтылды.

-Үкімет және әкімдер экономиканың құрылымын өзгертуге баса назар аударуға тиіс. Еліміздің тұрақты дамуына мүмкіндік беретін жаңа тетіктерді қарастырған жөн. Басты мақсат – азаматтардың табысын арттыру. Жұмысты дұрыс үйлестіре білсек, бұл – қолдан келетін шаруа.

Экономика өскен сайын әлеуметтік теңсіздік азайып, орта тап күшейе түсуі керек. Сонда ғана біз еліміздің әлеуетін күшейте аламыз. Ол үшін кез келген істің басты өлшемі тиімділік болуға тиіс. Яғни, әрбір шешім, әрбір жоба ең алдымен елге пайдалы болуы қажет,-деді сөзінде Президент.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы әрбір тұрғынға, әрбір қазақ жұртына жүктелетін зор жауапкершілік деп білемін. Басты мақсат – алдағы кезеңдерде алға қойған мақсатымыздан таймай, Әділетті Қазақстан жолында аянбай тер төгуіміз қажет. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Жолдауды халық асығыстықпен күтетіні рас. Демек, бұл ел дамуы жолында әрбір қазақстандықтың болашаққа деген оң көзқарасын білдіреді.

Жалғасбек Жәнібекұлы Сайлаубеков,

Жаңаарқа ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы

11:45
98
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.