ҰЛЫТАУ: азаматтарды қаржы пирамидаларына тартудың алдын алу, оған жол бермеу және лудоманиямен күрес мәселелері бойынша Ұлытау облысы Жезді кентінің тұрғындарымен көшпелі баспасөз конференциясы өткізілді
Қаржылық сауаттылықты арттыру және халықты қаржы пирамидалары мен алаяқтық ұйымдардың қызметіне тарту фактілерін болдырмау, сондай-ақ лудоманиямен күресте пәрменді шараларды нығайту мақсатында Жезді кентінің тұрғындарымен Ұлытау облысы бойынша ЭТТД көшпелі баспасөз конференциясын өткізді.
Жұмыс кездесуі барысында тұрғындарға Департамент пен Агенттіктің арнайы бейнероликтерін көре отырып, қаржы пирамидаларының түрлері, оларды тану және лудоманияға қарсы іс-қимыл әдістері туралы ақпарат жеткізілді.
Кездесу барысында спикер — Департаменттің ҰББ (Штаб) АМІ жөніндегі жедел уәкілі – М.Амантаеваға сұрақтар қойылып, кент тұрғындарына мазмұнды жауаптар берілді.
Сабақ соңында көшпелі баспасөз конференциясына қатысушылардан қаржы пирамидалары мен лудомания туралы ақпарат бергені үшін Департамент атына алғыс сөздер келіп түсті.