Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес (2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 636 Жарлық) 2024 жылғы 6 қазанда «Сіз Қазақстанда атом электр станциясының салуға келісесіз бе?» деген сауалға республикалық референдум өтеді.
Оны әзірлеу мен өткізу тәртібі «Республикалық референдум туралы»
және референдум туралы заңнамаға қайшы келмейтін бөлігінде «Қазақстан
Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңдарымен реттеледі.
Атап айтқанда, республикалық референдумға байланысты қоғамдық
пікірге сауал салу «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан
Республикасының Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкес
оған дайындық пен өткізу кезеңінде жүргізілуге тиіс («Республикалық референдум
туралы» Конституциялық заңының 7-1-бабы).
Қоғамдық пікірге сауал салуды Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде 5 жыл
тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп,
бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар
ете отырып жүргізуге құқылы.
Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сауал салуды
жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы,
қоғамдық пікірге сауал салу жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау
әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн дауыс берiлетін күннің
алдындағы 5 күн ішінде және дауыс берiлетiн күні бұқаралық ақпарат
құралдарында, онлайн-платформаларда жариялауға жол берілмейдi.
Сондай-ақ сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте
қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргізуге тыйым салынады («Қазақстан
Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 9-тармағы).
Бұл талаптарды бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодекстің 120-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген.
Референдумға қойылған мәселе бойынша азаматтар мен қоғамдық
бірлестіктер үгіт кезінде жиналыстарда, митингілерде, азаматтардың
жиындарында, бұқаралық ақпарат құралдарында өз пікірлерін білдіруге құқылы
екенін назар аудартамыз («Республикалық референдум туралы» Конституция лық
заңның 7-бабы).
Жиналыстар мен митингілер «Қазақстан Республикасында бейбіт
жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заң шеңберінде
ұйымдастырылып, өткізілуі тиіс.
Бейбіт жиналыстар өткізу талаптарын сақтамау Қазақстан
Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-
бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
2
Үгіт кезеңі 3 қыркүйекте басталды және 2024 жылғы 4 қазанға дейін
жалғасады (сағат 24:00-ге дейін).
Референдумның қарсаңындағы және референдум күндері, яғни 2024
жылғы 5 және 6 қазанында үгіт жүргізуге тыйым салынады.
Конституциялық заңға сәйкес барлық баспа үгiт материалдарында
оларды шығарған ұйымдар, оларды басып шығарған орын мен таралым,
оларды шығаруға жауапты адамдар туралы мәлiметтер болуға тиiс. Анонимді
үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады («Республикалық референдум
туралы» Конституциялық заңның 7-бабының 2, 3, 4-тармақтары).
Үгiт материалдарын ескерткiштерге, ескерткіш тұғырларға, тарихи,
мәдени немесе сәулеттiк құндылығы бар үйлер мен ғимараттарға, сондай-ақ
дауыс беруге арналған үй-жайларға iліп қоюға рұқсат етілмейді.
Оларды сақтамау Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы кодексінің тиісінше 102, 113 және 124-баптары
бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.
Сондай-ақ Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге,
тұтастығын бұзуға, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, соғысқа,
әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылыққа,
сондай-ақ қатыгездiк пен зомбылыққа табынуға үгiттеуге тыйым салынған.
Аталған теріс әрекеттері үшін кінәлі тұлға Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексінің 174-бабы (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық
немесе дiни алауыздықты қоздыру) және 179-бабы (билiктi күшпен басып алуды немесе
билiктi күшпен ұстап тұруды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді не Қазақстан
Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау немесе оған
жария түрде шақыру) бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Конституцияға сәйкес (83-бап) прокуратура органдары референдум
өткізудің барлық кезеңдерінде заңдылықтың сақталуын қадағалауды
қамтамасыз етеді.
Жоғарыда баяндалғанды ескеріп, Ұлытау облысының прокуратурасы
азаматтарды, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарын
республикалық референдумға дайындық және оны өткізу кезінде қолданыстағы
заңнаманы қатаң сақтауға шақырады.
 Ұлытау облысының прокуратурасы.

11:50
79
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.