Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

АЭС САЛУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

АЭС САЛУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

АЭС салуды қолдау жөніндегі Ұлытау облыстық халықтық штабтың алғашқы отырысы өтті. 

АЭС салудағы ең басты қажеттілік

– электр энергиясы тапшылығын ше-

шуден болып отырғаны белгілі. Штаб

мүшелерінің бұл бастамасы да елдегі

энергетикалық тәуелсіздікті нығай-

туға бағытталған.

Жиында штаб төрағасы Бауыр-

жан Шыңғысов Қазақстанның бү-

гінгі таңда электр энергиясының

тапшылығын сезініп отырғанын атап

өтті, сондықтан осының бір шешімі

ретінде АЭС құрылысын қолдау

маңызды екеніне тоқталды.

Сонымен қатар Бауыржан Қаб-

денұлы штабтың құрамында 6 саяси

партияның және 20-ға жуық қоғам-

дық ұйымдардың өкілдері, барлығын

қосқанда 65 мүшесі бар екенін ай-

та кетті. Аталған ұйымдар 6 қазанда

өтетін атом электр стансасын салу

бойынша референдумға дейін АЭС

салу қажеттігін қолдай отырып, өңір-

лерде халықпен кездесулер өткізуді

жоспарлап отыр. Бұндай штаб алдағы

күндері облыс бойынша барлық қала,

аудандарда құрылып, тұрғындармен

кездесулер өткізеді.

Айта кетейік, 2030 жылға қарай

Қазақстанда қуат жетіспеушілігі саға-

тына 13 миллиард киловаттан асуы

мүмкін.

Еркебұлан ЕГІНБАЙҰЛЫ

13:20
169
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.