Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Мемлекеттік тапсырыс шеңберіндегі ақшалай төлемдерді алу үшін студенттік жатақханаларды салу/реконструкциялау

Мемлекеттік тапсырыс шеңберіндегі ақшалай төлемдерді алу үшін студенттік жатақханаларды салу/реконструкциялау

Мемлекеттік тапсырыс шеңберіндегі ақшалай төлемдерді алу үшін студенттік жатақханаларды салу/реконструкциялау

Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған жатақхана салу кезінде құрылыс салушының шығындарын ішінара өтеуді көздейтін мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі бойынша төлем мерзімі қысқартылды және төлемдер сомасы ұлғайтылды.

Кәсіпкер жатақханаларды өз қаражаты есебінен салады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер құрылыс аяқталғаннан кейін және студенттердің нақты тұруы үшін ғана жүргізіледі.

Шарттары қандай?

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген нысандар бір студентке жатақхана салу кезінде 6 жыл ішінде жылына 195 АЕК және Алматы қаласында жылына 230 АЕК төленетін болады. Бір студентке реконструкциялау кезінде 8 жыл ішінде жылына 47 АЕК және Алматы қаласында жылына 92 АЕК төленетін болады.

6 жыл ішінде кәсіпкер жаңа студенттік жатақхана салу үшін ала алады:

— Бір студент үшін 4 млн. теңге;

— Бір студент үшін 4,7 млн. теңге- Алматыда.

8 жыл ішінде кәсіпкер ғимаратты студенттік жатақханаға реконструкциялағаны үшін ала алады:

— Бір студент үшін 1.2 млн. теңге;

— Бір студент үшін 2.5 млн. теңге-Алматыда.

Яғни, 100 төсек-орынға арналған студенттік жатақхана салу кезінде мемлекет 6 жыл ішінде құрылыс шығындарын өтеу үшін кәсіпкерге 403 млн теңге (476 млн.теңге – Алматы қ.) төлейді. 

Студенттік жатақхананы 100 төсек-орынға реконструкциялау кезінде мемлекет 8 жыл ішінде кәсіпкерге реконструкция шығындарын өтеу үшін 129 млн теңге (253 млн.теңге – Алматы қ.) төлейді.

Бұл ретте, мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер аяқталғаннан кейін объект кәсіпкердің меншігінде қалады.

Төлемдер 6 жыл ішінде ай сайын 12 ай, тіпті жатақханада студенттер болмаған жазғы демалыс кезеңінде де төленеді.

Мемлекеттен төленетін төлемдерден басқа, кәсіпкер студенттерге тұру үшін жалдау ақысын белгілеуге құқылы, бұл оның кірісіне есептеледі. Сондай-ақ, кәсіпкер студенттік жатақханада қосымша табыс табу үшін дүкен, шаштараз және т.б. коммерциялық үй-жайларды орнатуға құқылы.

Жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесі барлық өңірлер үшін өзекті болып отыр. Статистикаға сәйкес, жатақханаға мұқтаж студенттер саны 63 мыңнан асады. 

Мемлекет тарапынан ақшалай төлемдер түріндегі қолдау және жоғары қажеттікті ескере отырып, кәсіпкерлерге қазір қонақ үй немесе кампусқа қарағанда студенттік жатақхана салу әлдеқайда тиімді деген қорытынды жасауға болады. 

Бағдарламаның операторы "Қаржы орталығы" АҚ болып табылады және бағдарламаға қатысу үшін жерге құқық белгілейтін, сәйкестендіру құжаттарымен, заңды тұлғаның болуы туралы құжаттармен алдын-ала келісімшарт жасасуға өтінім беру жеткілікті.

Бағдарлама туралы толық ақпаратты қаржы орталығының fincenter.kz сайтынан немесе 8-800-080-28-28 нөмірі бойынша алуға болады.

20:20
89
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.