Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

ТҰРАҚТЫ ӨСУ МЕН ИНОВАЦИЯҒА ЖОЛ

ТҰРАҚТЫ ӨСУ МЕН ИНОВАЦИЯҒА ЖОЛ

2 қыркүйекте ҚР Президенті Қасы-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы жарияланды. Бұл жолдауда Мемлекет басшысы 9 бағыт бойынша мәселе көтерді. Солардың бірі жаңа экономика моделіне ерекше назар аударылды. Бұл жолдау елдің экономикалық дамуындағы негізгі бағыттарды және инновацияларға негізделген тұрақты өсу стратегияларын айқындап, Қазақстанның болашақтағы даму траекториясын нақтылады.

Президенттің Жолдауында жаңа экономика тұжырымдамасы тұрақты өсу мен инновацияларды негізгі принциптер ретінде қарастырады. Бұл модель экономикадағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге, қаржылық және әлеуметтік теңсіздіктерді төмендетуге, сондай-ақ, еліміздің экономикалық дамуын ұзақ мерзімді перспективаларға бағыттауға бағытталған.

Экономикалық тұрақтылық – жаңа экономика моделі негіздерінің бірі. Бұл мақсатта экономикалық дағдарыстарды алдын алу үшін мемлекеттік қаржы саясатын тұрақтандыру, инвестициялық климатты жақсарту және инфляциямен күресу шаралары қарастырылуда. Президент экономикалық саясаттың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін фискалдық және монетарлық саясаттарды тиімді үйлестіру қажеттігін атап өтті.

Жаңа экономикадағы маңызды аспектілердің бірі – инновациялар мен цифрлық трансформация. Президент цифрлық технологияларды енгізу арқылы экономиканы жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті. Мемлекет цифрлық инфрақұрылымды жетілдіру, интернет желісінің қолжетімділігін арттыру және электрондық қызметтерді дамытуға бағытталған жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл шаралар бизнестің тиімділігін арттыруға және мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Инновациялық экожүйені дамыту керектігі де айтылды. Өйткені, ғылым мен технологиялар саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерді қолдау, стартаптарды және инновациялық кәсіпорындарды дамыту үшін қажетті инфрақұрылымды құру, сондай-ақ, жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл Қазақстанның халықаралық аренада бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Қорыта келе айтарым, Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы халыққа Жолдауы Қазақстанның алдағы жылдардағы даму стратегиясын нақтылап, елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріндегі маңызды бағыттарды белгілейді. Бұл жолдау еліміздің тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған кешенді жоспарларды қамтиды.

Президенттің ұсыныстары мен шаралары еліміздің болашағын қалыптастыруға үлкен ықпал етеді және қоғамның барлық салаларында жаңғыртуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Қайрат БАЛМАҒАМБЕТОВ, 

Сәтбаев қалалық мәслихат төрағасы

12:35
153
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.