Экологиялық әдеттерді қалыптастыру және азаматтарды тұрақты тұтыну тәжірибесіне тарту

Қоршаған ортаны қорғау – әр азаматтың күнделікті ісінен басталады. Табиғи ресурстарды үнемді пайдалану, тұрмыстық қалдықтарды азайту, суды және электр энергиясын тиімді тұтыну – экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызды бағыттары.
Тұрақты тұтыну дегеніміз – қажеттілікті саналы түрде жоспарлау, артық шығынға жол бермеу және қоршаған ортаға түсетін салмақты азайту. Қайта пайдалануға болатын бұйымдарды қолдану, қалдықтарды сұрыптау, пластикті азайту және қоғамдық орындардың тазалығына жауапкершілікпен қарау әр адамның қолынан келеді.
Экологиялық әдеттер отбасында қалыптасып, кейін қоғамның ортақ мәдениетіне айналады. Әсіресе өскелең ұрпаққа табиғатты құрметтеу мен ресурстарды үнемдеудің маңызын түсіндіру қажет.
Таза әрі жайлы орта – саналы тұтыну мен жауапты әрекеттің нәтижесі. Табиғатты қорғау – болашаққа жасалған инвестиция.