Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Бүгінгі күндері қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан мәселе АЭС жайлы

Бүгінгі күндері қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан мәселе АЭС жайлы

Біз қи мен тезек жағып көмірден қорыққан заманды көрдік, одан кейін газдан шошыған кезең болды. Енді газға үйренген жұрт көмірден қашты. Ал енді электр қуатын өндіретін жасыл энергетиканың жолы көп. Күн сәулесі мен желден табатын әдіс тұрақты энергия көздері болып табылмайды. Және де күн сәулесі мен желден қуат алатын қондырғылар өте үлкен аумақты қамтиды, сонымен қатар оның техника тілімен айтқанда КПД -сы төмен. Жасыл энергетикада тек гидроэлектростанция мен атом электростанциясы ғана тұрақты қуаты мол көздері болып табылады. 
Менің ойымша қазіргі заманда атом энергиясына балама қуат көзі жоқ. Сондықтан оған түбегейлі қарсы болу негізсіз.  Басты мәселенің бірі қауіпсіздік. Мамандардың айтуынша қазіргі қондырғылар +3 не 4 санаттағы, екі контурлы реакторлар мейлінше қауіпсіз дейді. Оны қадағалайтын халықаралық МАГАТЭ ұйымы бар. Сонымен қатар оған керекті қаржы, кім салады, мамандар қайда деген заңды сұрақтар туындайды. Менімше ол болашақтың еншісінде болады. Себебі біздікі тек қолдау. Шешім қабылдауы оны дайындығы бар бәріне кемінде 5-6 жыл кетеді. Оған дейін қаражат көздері де, нақты бұл саланы толық меңгерген, технологиясы мықты ел де шешілер деп ойлаймын. Бастысы ядролық физика өте қарқынды дамып келе жатқан ғылымның түрі. Бұл сала жалғыз энергетиканы қамтымайды. Ол медицина және өндірістің көптеген салаларында замануи қондырғылар қолданылатын салаларды қамтиды. Сондықтан жаңа ғылымнан кенжелеу болашағымызға нұсқанын келтіруі ықтимал.  

Жезқазған қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Қазамбаев

11:15
66
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.