АЭС туралы өз ойым...
Соңғы күндері АЭС салу туралы ақпараттың түр-түрі шығып, сан алуан пікірлер айтылуда. Физиктері мен физик еместері деп екіге бөліндік) Уақыты жақындағанда әлі тағысын білерміз.
Менің түсінгенім, АЭС салу мәселесі — күндердің күнінде көтерілетін мәселе. 10-20-30 жылдан кейін бәрібір де қозғалатын бір сұрақ. Осы орайда қазірден бастап, бір шешімге келу орынды деп ойлаймын.
Байқағаным — қарсы емес. Бірақ, қалай және кім салады деген дау көбірек. АЭС салу тағдыры LRT тағдырын қайталай ма? әлде сол жемқорлықтың ұзақ жылға дайындаған нағыз қазаны болмақ па? Осы сұрақ мазалайды. Аз қаржы емес. Менің де көкейімдегі осы сұрақ маза бермейді.
Осы орайда адал қоғам тәрбиелеу арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Референдум — өз ойыңды айту мүмкіндігі. Өз ойыңызды айтатын мүмкіндікті пайдалану керек деп есептеймін.
Досхан Сәкенұлы, С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалы-драма театр директоры.