Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Ұлытау облыстық мәслихатының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы ХАБАРЫ

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі — Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ұлытау облыстық мәслихаты округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.

Округтік сайлау комиссияларының сандық құрамы бес мүшеден тұрады.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылғы 30 желтоқсаннан 2023 жылғы 13 қаңтарға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

           2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған:  www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-ulytau?lang=ru 

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау   комиссияларының   құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 13 қаңтарға дейін қоса алғанда сағат 09:00-18:30 аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 30-ге дейін.

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ

Облыстық мәслихаттың мекен-жайы: Жезқазған қаласы, Алаш алаңы 1, Индекс 100600, 10-қабат, Ұлытау облыстық мәслихатының аппараты.

 Ұлытау облыстық мәслихаттың хатшысы – Шингисов Бауржан Кабденович.

Материалдарды жинауға жауапты: Даулеткельдина Айнагул Бакытовна, Ұлытау облыстық мәслихаттың бас маманы, жұмыс тел. (87102) 71-13-23, факс: (87102) 71-13-23, электрондық почта мекен-жайы:     obl_maslihat_ulytau@mail.ru

Ұлытау облыстық мәслихаты округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:

п/п

Сайлау учаскесінің нөміріСайлау комиссиясының орналасқан жеріСайлау комиссиясы мүшелерінің бос орындарының саны
1

№ 1 сайлау округінің округтік сайлау комиссиясы

Жезқазған қаласы, Абай көшесі, 30 үй, «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №26 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 5
2

№ 2 сайлау округінің округтік сайлау комиссиясы

Жезқазған қаласы, Абай көшесі, 148. «Жезқазған технология және сервис кколледжі» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны, 

5
3

№ 3 сайлау округінің округтік сайлау комиссиясы

Жезқазған қаласы, Алаша хан көшесі, 15. «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №4 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 5
4

№ 4 сайлау округінің округтік сайлау комиссиясы

Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер көшесі, 52 үй «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №21 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі,5
5

№ 5 сайлау округінің округтік сайлау

комиссиясы

Жезқазған қаласы, Жәлел көшесі, 10 үй «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №3 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі5
6

№ 6 сайлау округінің округтік сайлау комиссиясы

Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі, 5. жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі5
7

№ 7 сайлау округінің округтік сайлау комиссиясы

Сәтбаев қаласы, Мәңгілік ел  көшесі,12а. "№25 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі5
8

№ 8 сайлау округінің округтік сайлау комиссиясы

Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі, 148. «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі,

5
9

№ 9 сайлау округінің округтік сайлау комиссиясы

Сәтбаев қаласы, Ерден көшесі, 217  «Жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Әлкей Марғұлан атындағы.5
10

№ 10 сайлау округінің округтік сайлау комиссиясы

Қаражал қаласы, Абай көшесі, 9 үй.  Әкімдік ғимараты5
11

№ 11 сайлау округінің округтік сайлау комиссиясы

Жаңаарқа кенті, Абай көшесі, 37, Әкімшілік ғимараты «Спорт бөлімі» ММ5
12

№ 12 сайлау округінің округтік сайлау комиссиясы

Жаңаарқа кенті, Тәуелсіздік көшесі 2/1,  Әкімшілік ғимараты «Тұрғын үй инспекциясы»5
13

№ 13 сайлау округінің округтік сайлау комиссиясы

Ұлытау кенті, Абай көшесі, кабинет 1/3  "Ұлытау ауданының мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық  кәсіпорын

5
15:45
74
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.