Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

2022 жылы «Қайырымдылық туралы» Заңға енгізілген түзетулер шеңберінде ағымдағы жылы Қайырымдылық саласында құрметті атақ беру көзделген.

2022 жылы «Қайырымдылық туралы» Заңға енгізілген түзетулер шеңберінде ағымдағы жылы Қайырымдылық саласында құрметті атақ беру көзделген.

Қайырымдылық, меценаттық, демеушілік қызметті, сондай-ақ кіші Отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қайырымдылық саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін қайырымдылық жасаушыларға, қайырымдылық ұйымдарына, қайырымдылық волонтерлеріне Құрметті атақ беріледі.
Осыған байланысты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ағымдағы жылдың 5 маусымынан бастап Қайырымдылық саласында құрметті атақ беру қағидаларына («Қайырымдылық саласында құрметті атақ беру қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 383 бұйрық) сәйкес ұсыныстар қабылдауды жүзеге асыратын болады.
Өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру қайырымдылық саласындағы уәкілетті органның ресми сайтында және ресми интернет-ресурстарында жарияланатын болады.
Құрметті атақтар беруге өтінімдер АҚДМ кеңсесі арқылы қолма-қол қағаз және электрондық жеткізгіштерде (DOC, DOCX, PDF форматындағы CD-дискілерде не USB-флэш-жинақтағыштарда) немесе zvanie_2023@mbx.kz (PDF форматында) электрондық мекенжайға қабылданады.

09:10
47
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.