Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Референдумның орталық комиссиясының алдын ала қорытындылары бойынша дауыс беруге 7820918 адам қатысқан, бұл дауыс беру құқығы бар азаматтардың 63,97% құрайды.

Референдумның орталық комиссиясының алдын ала қорытындылары бойынша дауыс беруге 7820918 адам қатысқан, бұл дауыс беру құқығы бар азаматтардың 63,97% құрайды. Ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша шешімді жалпыхалықтық дауыс беруі арқылы қабылдау туралы ұсынысы әділ бастама болды, себебі Референдумға қатысқан әр азамат өзінің жеке ұстанымын білдіріп, еліміздің болашағы үшін маңызды мәселені шешуге үлес қосты.
АЭС құрылысын салу төңірегінде халық арасында әртүрлі пікірлер болды, бірақ ғалымдар мен білікті мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде қазақстандықтар өз таңдауын жасады. Дауыс берудің соңғы нәтижелерін күтеміз. Жалпыхалықтық дауыс беру арқылы қабылданған шешім болашағымызға қызмет етеді деп сенемін.

Кайрат Балмагамбетов.

13:20
117
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.