Ұлттық тілдің мәртебесі
Жалпы, Жер жүзінде 6000-нан астам тіл болса, оның ішінде қолданыстағы мемлекеттік статусы бар тілдер және жойылу алдында тұрған, сонымен қатар атауларын тек тарихтың көне ақпараттарынан көз шалып қалатын, бүгінде жер бетінде жоқ тілдер де бар. Сонымен қатар, «мемлекеттік тіл» мәртебесіне ие болғанымен, статусына сәйкес құрметке ие бола алмай келе жатқан тілдер де бар. Тіл тағдыры ел тағдыры мен біртұтас болғандықтан, тілдің мәңгі жасауы халықтың ұлттық құндылықтарын жоғарғы дәрежеде дәріптеуімен сипатталады.
Тіл-мемлекеттің тұғыры тірегі, халықтың рухани байлығы, өйткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазана байлағына балайды. Себебі, тіл халықтың жаны, сәні тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі.
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Ұлтаралық келісім өзара жарасымын тапқан, тату еліміз. Алайда, қазақ тілі әр қазақтын ар – ожданы, мақтанышына айналуы тиіс.
Қасиетті тіліміздің жоспарлы саяси даму, халқымыздың тілдік құқығын қорғау бастамасы, көркем әдебиет пен іс қағаз тілін қалыптастыру жұмыстары Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов сынды зиялыларымыздың ерен еңбегінен бастау алған. Заман қысымына орай, ұлт болашағы бұлыңғыр тартқан шақта, ұлттық тіліміздің тағдырын шешуде зиялыларымыз ұсынған жол айрықша болды.Сол себептен, тіліміздің бүгіні мен болшағын бағамдау үшін осы жолды сабақ ала жалғастыруымыз қажет.
Ұлттық тілді құрметтеу әрбір қазақ орындауға тиіс маңызды міндет.
Тілді құрметтейтін ел ретінде алдымен қазақ тілін біліп, орыс және ағылшын тілдерін белгілі бір мақсаттар үшін меңгеруіміз керек. Еліміздің бәсекеге қабілеттілігі үшін Елбасымыз «Үш тұғырлы тіл» саясатын енгізді. Ондағы мақсат елімізге ағылшын, орыс тілдерін үйретіп қазақ тілін тереңге көму емес.Дана халқымыздың «өз тілің бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін» деген нақылы қазақ тілінің маңызын нақтылай түсті. Орыс тілінің басымдығын сөз етсек болғаны, «қаншама жыл орыс құрсауында болдық деген» деген сылтаулар айтылады. Ол дәуір өтті, бүгінде егемен елміз, тілді үйренем деушілерге мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетіледі. Көп жағдайда, қазақ тіл дәрежесінің төмендігін оның үйретілу сапасынан емес, сұраныстың аздығынан, тиісті дәрежеде қажеттіліктің болмауынан іздеген дұрыс. Қазақ тілін білуге қойылатын талап жайы тіпті әділетсіз.
Тіл мәселесінің көлеңкелі тұстары қашан күн бетін көрмек?! Бұл сұрақтың жауабын тиісінше, тіл комитеті мен тіл саясатын жүргізушілерден іздейміз.
Бірақ бүгінде, қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мемлекеттік тілдің ахуалын көтеру бағытында бірыңғай шаралар жасауда. Басқарма мемлекеттік мекемелердегі тіл нормаларыны сақталуына мониторинг жүргізді. Елдегі біршама көше аттарын қазақша ретке келтіру жұмыстарын жасады. Қазақ тілінде сапалы контентті дамытуда.Осы орайда, әдеттегіше үкіметті кінәләу үрдісіміз жүрмей тұр. Көп жағдайларда орыс тіліне жақындығымызды өткен ғасырлардағы қазақ халқының Ресей державасына бодандығымен түсіндіріп жатады ол да ақылға қонымды себеп тек, бүгінде еліміздің дербестігін еске ала отырып мәселені қайта қарасақ мемлекет бар жағдайын жасаған қазақ тілінде таза сөйлеуге кейбір адамдарда өзіндік құлық жоқсынды. Қазақша кібіртіктей сөйлеген жандарды көрсек «шала қазақ қой» деп жүре береміз. Сонда шалалықтың түбі не болмақ!?Өз тілінде еркін сөйлей білмейтін адамның қазақша ойлап, қазақша өмір сүре алуы екіталай. Сондықтан ана тіліне шорқақ қарау бүкіл болмысына немқұрайлы қарау болып табылады.
Қорытындылай келсек, қазақ тілінің бүгінгі ахуалы күрделі мәселе.Қазақ тілі қолданыста деген сөз тек қағаз жүзінде орындалуға апара жатқанадай. Мемлекет тарапынан жасалған қолдауларды дұрыс пайдаланып, тіл мәртебесін көтеру Республика азаматтарының әрбірінің азаматтық борышы.
Жезқазған қаласының
Мамандандырылған тергеу сотының сот приставы
Т.И.Алдабергенов