2024 жылғы Қазақстан Президентінің Жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын анықтайды
2024 жылғы Қазақстан Президентінің Жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын анықтайды. Жолдауда экономикалық тұрақтылықты арттыру, шағын және орта бизнесті қаржыландыруды күшейту, цифрлық активтерді дамыту және банк секторындағы салық әділдігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, әлеуметтік теңсіздікті азайтып, орта тапты нығайту, азаматтардың табысын арттыруға бағытталған шаралар ұсынылды.
Президент ел экономикасын әртараптандыру мен жаңа газ-химиялық кешендер сияқты ірі жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұл Жолдау халықтың әл-ауқатын арттыру мен экономиканың ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа қадамдарды көрсетеді.
Дарын Төлеубай