Көпбалалы ана талапкер А-ның құқықтары қорғалды
▪️Талапкер А. Жезқазған қаласы «Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне» талап арызбен жүгініп, кезектен шығаруды заңсыз деп тану және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекке қайта қою туралы өтініш білдірді.
▪️Сот шешімімен талап арыз толығымен қанағаттандырылды. Талапкер А. үш кәмелетке толмаған баласы бар көпбалалы ана ретінде санитарлық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмейтін тұрғын үйде тұрып келгендіктен, «көпбалалы отбасы» санаты бойынша тұрғын үйге мұқтаж болып кезекке қойылған болатын.
▪️Талап арызды қанағаттандыру кезінде сот заң нормаларын басшылыққа алды. Қазақстан Республикасының Тұрғын үй туралы Заңының 67-бабы 1-тармағына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы органның жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйі тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына беріледі.
▪️Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада есепке қою үшін кемінде үш жыл тұрақты тұруы талап етіледі.
▪️Заңның 73-бабында мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы органның жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есептен шығару жағдайлары регламенттелген.
Олар: 1) мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй беру негіздерінің жойылуы; 2) басқа елді мекенге тұрақты тұруға көшу немесе мемлекеттік кәсіпорында не мемлекеттік мекемеде еңбек қатынастарын тоқтату; 3) тұрғын үйге мұқтаждығы туралы шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер ұсыну; 4) жер телімін алу және өз тұрғын үйін салуды аяқтау немесе тұрғын үй сатып алу; 5) сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үйді алу.