Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Жаңа жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар және қолданыстағы тетіктер бойынша қаржыландыру көлемін арттыру — Үкімет тұрғын үй секторын одан әрі ынталандыру мақсатында қосымша шараларды іске асырды. 2024 жылы 16 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілді   

Жаңа жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар және қолданыстағы тетіктер бойынша қаржыландыру көлемін арттыру — Үкімет тұрғын үй секторын одан әрі ынталандыру мақсатында қосымша шараларды іске асырды. 2024 жылы 16 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілді   
   
📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында құрылыс саласын дамыту мәселелері қаралды.  
 
🔹 Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев биылғы қаңтар-қараша айларында 16 млн шаршы метр тұрғын үй салынғанын, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда 107%-ды құрайтынын айтты.  
  
🔻 Премьер-министр Олжас Бектенов құрылыс индустриясы – ел экономикасындағы негізгі салалардың бірі екенін, оның тұрғын үймен қамту, инфрақұрылымды дамыту және жұмыс орындарын құруға тікелей әсер ететінін атап өтті.   
 
«Мемлекет басшысы 2029 жылға дейін жаңадан 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу міндетін қойды. Бұл міндет жүйелі негізде және кезең-кезеңімен орындалуы тиіс.
  
Біз өткен жылы Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасын қайта қарадық. Онда азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған ауқымды іс-шаралар қамтылған. Қазіргі таңда нәтижесі жаман емес. Жаңа тұрғын үй құрылысы жыл сайын ұлғайып келеді. 
 
Биыл Үкімет аталған секторды одан әрі ынталандыру мақсатында қосымша шараларды іске асырды. Атап айтқанда, Тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң қабылданды. Ол баспанамен қамтамасыз етудің ашық әрі түсінікті жүйесін құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар іске қосылып, қаржыландыру көлемі артты», —  деп атап өтті Олжас Бектенов.

11:00
86
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.