Елімізде жоғары құқықтық мәдениет қалыптасып, бұл бағытта үлкен жетістіктерге қол жеткізілуде.
Елімізде жоғары құқықтық мәдениет қалыптасып, бұл бағытта үлкен жетістіктерге қол жеткізілуде. Азаматтар заңдарды терең түсініп, оларды мұқият зерттеуге және күнделікті өмірде қатаң сақтауға ұмтылады. Әрбір азамат өзінің құқықтары мен міндеттерін толық білуімен қатар, оларды қорғау жолдарын да меңгере бастады. Қоғамның құқықтық сауаттылығының өсуі сот және құқық қорғау органдарымен сындарлы диалог жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде әділдік пен ашықтық қағидаларын нығайтып, құқықтық мемлекет қағидаларын жүзеге асыруға ықпал етеді.
Азаматтардың заңсыздыққа қарсы иммунитеті күшейіп, қоғамда заңсыз әрекеттерге төзімсіздік қалыптасуда. Бұл құқықтық мәдениеттің сапалық деңгейін арттырумен қатар, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты нығайтады.
Мемлекет өз тарапынан халықтың құқықтық сауаттылығын және құқықтық санасын дамытуға ерекше назар аударып келеді. Осы мақсатта түрлі құқықтық бағдарламалар мен білім беру жобалары жүзеге асырылуда. Мектептен бастап жоғарғы оқу орындарына дейін құқықтық білім беру жүйесі жетілдіріліп, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Сонымен қатар, мемлекет халықтың заңдарды тиімді пайдаланып, өз құқықтарын қорғауына жағдай жасап отыр. Құқық қорғау органдары мен сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету, олардың қызметіне деген сенімді арттыру мақсатында реформалар жүзеге асырылуда. Бұның барлығы құқықтық мемлекеттің басты қағидаларын жүзеге асыруға және ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған маңызды қадамдар болып табылады.
Қорытындылай келе, құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі еліміздің тұрақты дамуының негізі болып, әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруда.
Дарын Төлеубай — Жезқазған қаласы әкімінің жастар сыйлығының иегері, қоғамдық пікір көшбасшысы.