Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн ұзақ мерзімді әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап арттыру туралы

Әлеуметтік кодекстің 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін арттыру туралы жыл сайын шешім қабылдайды.

Осыған орай, ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 19 қарашадағы № 970 қаулысына сәйкес 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан Ұлытау облысындағы еңбекке қабілеттілігінен айырылған 3 005 мың адамға және асыраушысынан айырылған 1 111 мың отбасыға тағайындалған ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемдердің мөлшері 6,5%-ға арттырылатын болады.

Аталған әлеуметтік төлемдер осындай базалық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша тағайындалатынын атап өткен жөн.

Әлеуметтік төлемдерді қайта есептеу 2025 жылғы 1 қаңтардағы алушылардың қосымша құжаттарды ұсынуын қажет етпейді және автоматтандырылған режимде жүргізіледі.

13:40
173
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.