«Алаяқтық және қаржылық қылмыстар: өңірге қауіп және онымен күресу бойынша мемлекеттік шаралар заң мен тәртіп аясында»

Президенттің «Заң және тәртіп» тақырыбы аясында «Ақшам» телеарнасында Ұлытау облысының экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Полиция департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің филиалының қатысуымен арам пиғылды әрекеттер мен қаржылық қылмыстарға арналған ток-шоу ұйымдастырылды. Бұл мәселелер Ұлытау облысының тұрғындарына ғана емес, Қазақстанның қаржылық жүйесіне де қауіп төндіреді.
Интернет-алаяқтық және киберқылмыс – талқыланған басты тақырыптардың бірі болды. Ұлытау облысы Полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің басшысы М.Рахимжанова алаяқтықтың өсу тенденциясы туралы алаңдатарлық статистиканы жариялап, қылмыскерлердің жаңа технологиялар мен күрделі алаяқтық схемаларды белсенді түрде пайдаланып жатқанын айтты. Бұл жағдай құқық қорғау органдарының жұмысын қиындатады. Осыған орай, мұндай қылмыстармен күресу үшін инновациялық тәсілдер қолдану қажеттілігі атап өтілді.
Қаржылық қылмыстарға, әсіресе қаржылық пирамидаларға қарсы күреске ерекше назар аударылды. Ұлытау облысының экономикалық тергеп-тексеру департаменті Ұйымдастырушылық-бақылау басқармасының басшысы М.Амантаева қаржы саласындағы алаяқтықпен күресу бағытындағы негізгі қызметтер туралы айтып берді. Ол халықпен кездесу және білім беру мекемелерінде қаржылық сауаттылық сабақтарын тұрақты өткізу сияқты маңызды шараларды атап өтті.
Сонымен қатар, департамент күмәнді аккаунттарды бұғаттау үшін интернет-кеңістікті белсенді түрде бақылауда. «MetaGo» қаржылық пирамидасын әшкерелеу – сәтті жұмыс мысалы болып табылады, нәтижесінде 102 азамат 68 миллион теңге көлемінде шығынға ұшырады. Сондай-ақ облыста қаржылық пирамидаға қатысты екі қылмыстық іс тергеліп жатқандығы хабарланды.
Көпшіліктің назарын аударған тағы бір маңызды тақырып – жалған салықтық хабарламалардың таралуы болды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі құрған Антифрод-орталықтың қызметі талқыланды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2024 жылы Антифрод-орталықтың әрекеттері нәтижесінде 1,5 миллиард теңге бұғатталды, ал 89 миллион теңге зардап шеккен азаматтарға қайтарылды.
Заң мен тәртіп – азаматтардың қауіпсіздігін және қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс негіз. Заңдылықты қатаң сақтау, қорғау технологияларын жетілдіру және әрбір азаматтың жауапкершілігін арттыру – алаяқтыққа, киберқатерлерге қарсы күрестің табысты болуының кепілі.