Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Ұлытау жаңалықтары: ЭТТД студенттерге өзіндік қаржылық қауіпсіздікті ұйымдастыру мәселесіне интерактивті дәріс өткізді

Департамент оқушылар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру және қаржылық әл-ауқатты сақтау, сондай-ақ жастарды қаржы пирамидалары мен алаяқтық ұйымдардың қызметіне тартуды болдырмау мақсатында Жезқазған технология және сервис колледжінде сабақ өткізді.

Берілген ақпаратқа бейне сүйемелдеу жүргізілген интерактивті әңгімелесу түріндегі сабақ студенттердің қызығушылығы мен белсенділігін тудырды. 

Оқушыларға қаржы пирамидаларының түрлері, оны тану әдістері туралы ақпарат жеткізілді, «Мошенники» и «Игрок» кинофильмдерден бейнероликтер, Агенттіктің профилактикалық құралдары көрсетілді, сондай-ақ қаржылық сауаттылықты зерделеуге, ақша мен жинақтарды ұтымды басқаруға, қаржылық алаяқтардың, оның ішінде интернет-алаяқтардың қулықтарына қарсы тұруға үндеу жолданды.

Сабақ соңында Департамент қызметкерлері А.Жайлыбаева мен М.Амантаеваның бақылау сұрақтарына студенттер белсенді кері байланыс беріп, мазмұнды жауаптар алды, студенттер арасында жанданған пікір алмасу өтті.

Іс-шараның қорытынды бөлімінде білім беру мекемесінің өкілі Департамент атына профилактикалық-ақпараттық дәріс жүргізгені үшін алғысын білдірді.

16:50
62
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.