АНА ТІЛІ - РУХАНИ МҰРА
Тіл – халықтың бірегей асыл қазынасы, ұлттың ұлылығын көрсететін рухани мұрасы. Ана тіліміз ғасырдан — ғасырға жалғасып келе жатқан, әлемдегі ең бай, өте көркем, ең сұлу. Тіл – Ұлттың жаны, күш-қуаты, ар-намысы, Ата Заңмен қорғалған сол себепті Қазақстанның болашағы- тек қазақ тілінде. Дүниеде бәрінен қымбат, бәрінен қадірлі ол анам тілі. «Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі» – деп, Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, ұлттың келбеті – тіл, оның бәйтеректей жайқалып өсіп – өнуі халқына байланысты.
Естеріңізде болса, Мемлекет Басшысы бір келелі жиында «Бабаларымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» деп айтқан. Шын мәнінде, жастар неше тіл білсе, алдынан сонша елдің есігі айқара ашылады. Бұл туған еліңнің мүддесіне қызмет ету үшін қажет. Дегенмен, ең алдымен, жастарымыз ана тілін – қазақ тілін терең білуі керек» деген болатын. Қай жерде, қай ортада болмасын ана тіліміз бірінші орында болуы шарт және оны үздіксіз ұлықтауымыз қажет. Анаңның ақ сүтімен өне бойыңа дарыған тіліңді шұбарламай тұнығын ластамай сөйлеу өзімізге тікелей байланысты. Ең мықты адам – туған тілін құрметтеген адам деген сөз бар. Мәңгі жадымызда сақтайтын бір дүние бар ол тіл мәселесіне келгенде аса мұқият болған жөн. Оны саяси ойынға айналдыруға мүлдем болмайды. Тіл өте нәзік. Оны аяламасаң теріс түсініктер пайда болып, басқа елдердегідей қасіретке алып келу әбден ықтимал. Ойымды қорыта келе Қадыр ақын айтқандай өз тіліңді құрметтеп, өзге тілді білуді еш артықтығы жоқ.
Ізтөлеу ТҮСІПОВ, ҚР Журналистер Одағының мүшесі.