Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

🚍 Автопарк жаңарып жатыр!

🚍 Автопарк жаңарып жатыр!

Қуана хабарлаймыз — қаламыздың автопаркі 15 жаңа заманауи автобуспен толықтырылды. Бұл — өткен жылы басталған қозғалмалы құрамды жаңарту бағдарламасының логикалық жалғасы.

Изображение

Жаңа автобустар — жайлы, заманауи әрі жолаушылардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге бағытталған. Салоны кең, кондиционер және бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де барлық жағдайлар қарастырылған — арнайы пандус пен белгіленген орындар бар.

🕘 Осы сейсенбіден бастап, жаңа техника қала көшелеріне шығып, белгіленген маршруттар бойынша тұрғындарға қызмет көрсетуді бастайды. Бұл жаңашылдық қоғамдық көлік сапасын арттырып, қала ішіндегі қозғалысты жеңілдетуге сеп болады.

📍Автобустар қай бағыттар бойынша жүретіні туралы ақпаратты жақын күндері ресми ресурстардан біле аласыздар.

🚏 Жаңа автобустармен жол жүру — жайлы әрі қауіпсіз!

16:00
29
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.