Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Ұлытау облысында “ӘЙЕЛ РУХЫ – ТАБЫСҚА ЖЕТЕЛЕЙТІН КҮШ” атты облыстық форум өтті

Ұлытау облысында “ӘЙЕЛ РУХЫ – ТАБЫСҚА ЖЕТЕЛЕЙТІН КҮШ” атты облыстық форум өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай, еңбек адамының мәртебесін көтеру, әйелдердің өндірістегі рөлін айшықтау және еңбекқор нәзік жандылардың жетістіктерін дәріптеу мақсатында Ұлытау облысында «Әйел рухы – табысқа жетелейтін күш» атты облыстық форум ұйымдастырылды.

Изображение

Форумға өңірдің ірі кәсіпорындары мен мекемелерінің қызметкерлері, мәслихат депутаттары, белсенді азаматтар және қоғам қайраткерлері қатысты. Жалпы шараға 200-ден астам адам жиналды.

Изображение

Іс-шараның құрметті қонақтары ретінде Ұлытау облысы мәслихатының төрағасы Бауыржан Шыңғысов, облыс әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова Зина, сондай-ақ «Orda FM» радиосының директоры Есенәлі Әйкерім қатысты.

Изображение

Шара барысында еңбек жолында табысқа жеткен әйелдердің тәжірибесі, жұмысшы мамандықтарды дамытудағы рөлі, өндірістегі гендерлік теңдік, кәсіби өсу мен өмір сапасын жақсарту мәселелері талқыланды.

Изображение

Форумның басты мақсаты – еңбек адамының, соның ішінде өндірісте еңбек етіп жүрген әйелдердің қоғамдағы орнын айқындау, олардың табандылығы мен жігерін дәріптеу, жаңа идеялар алмасуға мүмкіндік жасау.

16:25
95
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.