ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау-отандық экономиканы дамытудың басты бағыттарының бірі.
Бүгінде Қазақстанда кәсіпкер әйелдер ер азаматтармен тең дәрежеде қызмет етеді, олар нәтиже мен жұмыс көлемі жағынан да кем түспейді. Қаржы — экономикалық саласын дамытуға қосқан маңызды үлестерінен бөлек әйел-кәсіпкер жаңа жұмыс орындарын ашып, Қазақстанның барлық өңірінде кәсіпкерлікті дамытуда. Бүгінде әйел-кәсіпкер республиканың бизнес-секторының белсенді қозғалтқышы.
Бүгін Ұлытау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында іскер әйелдер Кеңесінің бірінші отырысы өтті.
Отырысты ашқан облыстық ӨКП төрайымы Гүлмира Қаженова Кеңестің әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мен қолдаудағы маңызды рөлін атап өтті.
Кездесу барысында іскер әйелдер Кеңесінің төрайымы сайланды. Дауыс беру қорытындысы бойынша бұл лауазымға Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжінің директоры Марал Тілеужанқызының кандидатурасы бекітілді.
— “Кеңестің мақсаттары мен міндеттері — әйелдер бастамаларын қолдау және облыстағы әйелдер бизнесін дамытуға көмектесу. Біздің аймақтың кәсіпкер әйелдерін демеу үшін қолдануға болатын көптеген заманауи механизмдер бар. Кеңес қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруға, білімдерін жетілдіретін тренингтер өткізуге, ұсыныстар әзірлеуге көмек көрсете алады. Біздің міндетіміз жаңадан құрылған облыстың өркендеуі жолында және әйел-кәсіпкерлердің экономикалық мүмкіншілігін дамыту мақсатында Кеңес мүшелері мен кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін біріктіру. Біздің бар күшімізді, білімімізді тоғыстыру үлкен жолдың бастауы болмақ”,- деп атап өтті Гүлмира Изатуллақызы.
Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері Кеңес жұмысының барысымен танысып, болашаққа жоспарларын нақтылады.