Ұлытау облысында «Даму» қорының мобильді фронт-офисі өз жұмысын бастады
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыру мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Ұлытау облысы бойынша аймақтық филиалы «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында көшпелі кездесулер өткізуді бастайды.
Көшпелі іс-шаралар барысында өңір тұрғындары, бастаушы және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау бағдарламалары, жеңілдетілген қаржыландыру, несиелерді субсидиялау мен кепілдендіру құралдары бойынша кеңес ала алады. Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған қолданыстағы бағдарламалар мен мүмкіндіктер туралы ақпарат беріледі.
Жобаның негізгі мақсаты – кәсіпкерлерге қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдары бойынша кеңестерді тұрғылықты жерінде ұсыну және мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыру.
Іс-шараларға мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының және кәсіпкерлікті қолдау ұйымдарының өкілдері қатысады. Қатысушылар кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары бойынша толық ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап таба алады. Барлық кәсіпкерлерді және кәсіпкерлікпен айналысуға қызығушылық танытқан азаматтарды кездесулерге қатысуға шақырамыз.
Қосымша ақпарат алу үшін «Даму» қорының Ұлытау облысы бойынша аймақтық филиалына хабарласуға болады.
Байланыс номері – 8 707 106 16 50 Аяулым.
| № | Күні | Уақыты | Аудан / қала | Өткізу орны |
| 1 | 26.05.2026 | 10:00 | Жаңаарқа ауданы | Жаңаарқа ауданы әкімдігі |
| 2 | 09.06.2026 | 11:00 | Сәтбаев қаласы | Сәтбаев қаласы әкімдігі, үлкен мәжіліс залы |
| 3 | 18.06.2026 | 11:00 | Ұлытау ауданы | Ұлытау аудандық кітапханасы, Ұлытау ауылы, Абай көшесі, 36 |
| 4 | 22.06.2026 | 11:00 | Қаражал қаласы | Қаражал қаласы әкімдігі, мәжіліс залы |
| 5 | 22.06.2026 | 11:00 | Жәйрем кенті | Жәйрем кенті әкімдігі, мәжіліс залы |
| 6 | 23.06.2026 | 11:00 | Жаңаарқа ауданы | Жаңаарқа ауданы әкімдігі, конференц-зал |