Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының Ұлытау өңірлік филиалы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының Ұлытау өңірлік филиалы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының Ұлытау өңірлік филиалы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Изображение

Кезекті кездесу Жезқазған қаласындағы «Ремстрой» ЖШС ұжымымен өтті. Жиын барысында Жаңа Конституция жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар кеңінен таныстырылып, оның басты бағыттары мен маңызы түсіндірілді.

Изображение

Кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Сатыбалды, «AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Мырзабеков, «Ремстрой» ЖШС директоры, Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты Николай Распопов, «Республика» партиясының Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Светлана Оңғарбаева, және Қазақстан Халықтық партиясының Ұлытау өңірі бойынша төрағасы Оразалы Бақырбаев қатысты.

Изображение

Спикерлер Конституциядағы жаңашыл бастамалардың ел дамуына, азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірді.

Изображение

«Жаңа Конституция жобасы – ел болашағы үшін маңызды құжат. Ол қарапайым халықтың құқығын қорғауды күшейтіп, әділ қоғам құруға бағытталған. Бұл құжатта әр азаматтың пікірі мен мүддесі ескерілді. Өзгерістер мемлекет пен халық арасындағы сенімді арттыруға көмектеседі. Жаңа Конституция – барлығымызға ортақ жауапкершілік пен жаңа мүмкіндіктердің бастауы»,-деді Мәжіліс депутаты Ерболат Сатыбалды

Түсіндіру жұмыстары наурыз айының ортасына дейін жалғасады. Ұлытау өңірі бойынша барлығы 400-ге жуық кездесу өткізу жоспарланған.

11:45
15
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.