«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының Ұлытау өңірлік филиалының мүшелері «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Ұлытау облыстық филиалында кездесу өткізді.

Кездесуге кәсіпкерлер палатасының Ұлытау облыстық филиалының директоры Гүлмира Каженова, «Ақ жол» партиясының Ұлытау облысы бойынша филиалының төрағасы Әлібек Исин және «Ауыл» партиясының өңірлік филиалының төрағасы Абзал Жиенбаев қатысты.

Жиын барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, оның кәсіпкерлік ортаға ықпалы, азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты жаңашыл нормалары кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар реформалардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретінін атап өтіп, ашық пікір алмасу болды.