Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Астана — Ұлан-Батыр бағытында әуе рейсі ашылады — Серік Жұманғарин

Астана — Ұлан-Батыр бағытында әуе рейсі ашылады — Серік Жұманғарин

Екі мемлекет арасында көлік саласы дамып келеді. Бұл жөнінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары — ҚР Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстан-Моңғолия бизнес форумында мәлімдеді.

 — Әлемдік сауданың тұрақты өсуінің факторы — өзара көлік байланысын нығайту. Елдеріміздің арасындағы көліктік ынтымақтастық Транскаспий халықаралық көлік бағыты шеңберінде қарқынды дамып келеді. Бұл бағыт — «Бір белдеу — бір жол» жаһандық бастамасымен бірлесіп, солтүстік-оңтүстік және шығыс-батыс дәліздерінің әлеуетін ашуға қосымша көмек, — деді ол.

Сонымен бірге, Серік Жұманғарин жуырда жаңа әуе рейсі ашылатынын атап өтті.

— Бүгінде Алматы — Ұлан-Батыр бағытында тікелей әуе қатынасы жүзеге асып жатыр. Жақын арада Астана — Ұлан-Батыр бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашу жоспарланып отыр. Бұл қадам іскерлік, гуманитарлық және туристік байланыстарды нығайтуға тың серпін береді, — деді ол.

 https://kaz.inform.kz/news/astana-ulan-batir-bagitinda-aue-reys-ashiladi-serk-zhumangarin-e22e2e/

17:15
14
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.