Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

ҰЛЫТАУ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЕЛОРДАДАҒЫ «ULTTYQ ÓNIM — 2026» КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСАДЫ

ҰЛЫТАУ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЕЛОРДАДАҒЫ «ULTTYQ ÓNIM — 2026» КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСАДЫ

2026 жылғы 22–24 мамыр күндері Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры ұйымдастыратын дәстүрлі IX «ULTTYQ ÓNIM» көрмесі өтеді.

Ауқымды көрмеге еліміздің барлық өңірінен отандық тауар өндірушілер қатысып, өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынады.
Ұлытау облысынан бұл көрмеге өңірдің жетекші 15 компаниясы қатысып, аймақтың өндірістік әлеуеті мен сапалы өнімдерін таныстырады. Кәсіпкерлер көрме аясында өзара тәжірибе алмасып, іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік алады.
Айта кетейік, өткен жылы да жерлестеріміз аталған көрмеге қатысып, өз өнімдерін кеңінен насихаттаған болатын.
Көрме қонақтары мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау алған қазақстандық компаниялардың өнімдерімен танысып қана қоймай, оларды сатып ала алады.
«Даму» қоры — біздің қолдауымыз, Сіздің дамуыңыз.

11:20
21
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.