Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті мектепке дейінгі білім беру саласындағы кәсіпкерлер мен өткен кездесуге қатысты

Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті өңірлік кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» алаңында өткен жекеменшік балабақша басшыларымен жұмыс кездесуіне қатысты. Іс-шараға сондай-ақ Білім басқармасының басшылығы мен «ДАМУ» қорының қызметкерлері қатысты.
Кездесуде мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында балабақшаларда балаларды күтіп-ұстау, оқыту және тәрбиелеуге байланысты шығындар мәселелері талқыланды. Ерекше назар қаржыландыру нормативтерін есептеу және жеке балабақшалардың қазіргі кездегі өзекті проблемаларына аударылды.
Департамент өкілдері кәсіпкерлердің өтініштерін қарауға және қажет болған жағдайда өз құзыреті шеңберінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге дайын екенін білдірді. Қатысушыларға бюджет қаражатын пайдалану кезінде заң талаптарын сақтау бойынша кеңес берілді.
Мұндай кездесулер бизнес пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы ашық диалогты нығайтуға, сондай-ақ Ұлытау облысындағы мектепке дейінгі жеке ұйымдардың тұрақты және тиімді жұмысын қамтамасыз етуге ықпал етеді.