Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Мемлекеттік рәміздерге құрмет – заң мен тәртіптің негізі

Изображение

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы және Мемлекеттік Әнұраны – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің басты нышандары. Әрбір азамат мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге және оларды заңнама талаптарына сәйкес пайдалануға міндетті. Бұл талаптар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 Конституциялық заңымен реттеледі.

Мемлекеттік рәміздерді пайдалану кезінде заң талаптарын сақтау – қоғамдағы заң мен тәртіп қағидатының маңызды көрінісі. Рәміздерді заңнамада белгіленген тәртіпті бұза отырып пайдалану немесе орналастыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 458-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлау Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 372-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа жатады. Аталған бап бойынша айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету – әрбір азаматтың конституциялық әрі азаматтық парызы. Заң талаптарын сақтау арқылы біз мемлекетіміздің беделін арттырып, қоғамдағы заң мен тәртіп қағидатын нығайтуға үлес қосамыз.

09:35
11
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.