Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Ұлытау облысында бірнеше ірі инвестициялық жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда

Изображение

Солардың бірі — Жанаарқа ауданы Ералиев ауылдық округіндегі «Жалын» кен орны. Мұнда 2010 жылдан бері «Сарыарка-ENERGY» ЖШС жұмыс істейді. Кен орнының жалпы ауданы — 4,015 шаршы км, көмір ашық тәсілмен өндіріледі. Көмірдің баланстық қоры — 55,2 млн тонна, оның ішінде өнеркәсіптік қоры — 49,1 млн тонна.

Изображение

«Жалын» кен орнының көмірі Г, ДГ және Д маркаларына жатады- күлділігі төмен, күкірті аз, жану жылуы жоғары көмір түрі. Кәсіпорында өндіру үшін қажетті инфрақұрылымның бәрі бар: теміржол тұйық жолы, электр желілері, жолдар, сумен жабдықтау желісі, әкімшілік ғимараттар мен арнайы техника.

Изображение

Кәсіпорынды жаңғырту мақсатында 2024 жылы көмір байыту-кен фабрикасын салу жобасы басталды. Жобаның құны- 7 млрд теңге, іске қосылғаннан кейін қосымша 100 жаңа жұмыс орны ашылады.

Изображение

Қазіргі уақытта фабриканың құрылысы аяқталу сатысында. Кәсіпорынның жалпы жобалық қуаты- жылына 2 млн тонна көмір, өнім Қазақстан, Польша, Латвия, Беларусь және Өзбекстанға жеткізіледі. Кен орнында барлығы 528 адам жұмыс істейді (мердігерлік ұйымдарды қоса).

Изображение

Фабриканы толық іске қосу 2026 жылдың соңына дейін жоспарланған.

Изображение

10:45
19
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.