Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

«МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ» ЖАҢА ЗАҢНЫҢ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАРЫ ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕРДІ НЫҒАЙТУ

Жаңа «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңда мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын арттыруға және оларға берілетін әлеуметтік кепілдіктерді кеңейтуге бағытталған бірқатар нормалар көзделген.

Атап айтқанда:

1. Лауазымдық айлықақыларды кезең-кезеңімен индекстеу.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның ұсынысы негізінде Үкімет айқындайтын тәртіппен мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақыларын үш жылда кемінде бір рет міндетті түрде индекстеу тетігі енгізіледі.

2. Мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты қосымша ақылы демалыс күндерін беру.

Мемлекеттік қызмет өтіліне қарай қосымша ақылы демалыс күндерінің ұзақтығы белгіленеді:

* 10 жыл және одан көп мемлекеттік қызмет өтілі болған жағдайда –                        3 күнтізбелік күн;

* 15 жыл және одан көп мемлекеттік қызмет өтілі болған жағдайда –                        5 күнтізбелік күн;

* 20 жыл және одан көп мемлекеттік қызмет өтілі болған жағдайда –                      10 күнтізбелік күн.

Сонымен қатар, саламатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты насихаттау мақсатында мемлекеттік қызметшілерге ұзақтығы 3 күнтізбелік күн болатын қосымша ақылы демалыс беріледі.

Қосымша ақылы демалыс күндері жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосылады және мемлекеттік қызметшінің қалауы бойынша онымен бірге немесе бөлек пайдаланылуы мүмкін.

3. Қысқа мерзімді ақылы демалыс беру.

Күнтізбелік жыл ішінде заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметшіге ұзақтығы 10 күнтізбелік күннен аспайтын қысқа мерзімді ақылы демалыс беру мүмкіндігі қарастырылған. Мұндай демалыс толық көлемде немесе бөліктерге бөлініп берілуі мүмкін.

4. Үстеме жұмыс үшін өтемақы төлеу.

Мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмысқа тартылуына байланысты өтемақы төлеу және қысқа мерзімді ақылы демалыс беру мәселелері заңнамалық тұрғыдан реттеледі.

5. Зейнеткерлікке шығу кезінде біржолғы ақшалай сыйақы төлеу.

Мемлекеттік наградамен немесе уәкілетті органның ведомстволық наградасымен наградталған, сондай-ақ мемлекеттік қызмет өтілі кемінде 25 жылды құрайтын мемлекеттік қызметші зейнеткерлікке шыққан кезде оған төрт лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы ақшалай сыйақы төлеу көзделген.

Аталған нормалар мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге, олардың еңбек жағдайларын жақсартуға және мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыруға бағытталған.

Г. Садуакасова

Қазақстан Республикасы 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Ұлытау облысы бойынша департаменті

15:50
20
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.