Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Ұлытау облысында өрт қауіпті кезеңнің қорытындысы шығарылды

Изображение

2026 жылғы 5 қарашада Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Өрт қауіпті кезеңнің аяқталуы» тақырыбында брифинг өтті.

Брифинг спикері – Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ермек Сералиевич Исмаилов.

Брифинг барысында 2026 жылғы өрт қауіпті кезеңде өңір аумағында тіркелген дала және орман өрттерінің саны, олардың салдары, сондай-ақ табиғи өрттердің алдын алу бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижелері баяндалды.

Ұлытау облысында биылғы өрт қауіпті кезең 6 сәуірде басталды. Осы кезеңде өңір аумағында жалпы ауданы 1 515 гектарды құрайтын 47 дала жануы тіркелді. Оның ішінде Ұлытау ауданында 36 жағдай (1 168 гектар), Жаңаарқа ауданында 11 жағдай (372 гектар) орын алған.

Сонымен қатар, жалпы аумағы 795 гектарды құрайтын 3 дала өрті тіркелді. Оның 2 жағдайы Ұлытау ауданында (295 гектар), 1 жағдайы Жаңаарқа ауданында (500 гектар) болған. Бұдан бөлек, Ұлытау ауданында жалпы ауданы 30 гектарды құрайтын 5 орман өрті тіркелді.

Табиғи өрттердің алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан кешенді профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша 178 ақпараттық материал жарияланып, ақпараттық сөз сөйлеулер ұйымдастырылды. Оның ішінде 16 материал теледидарда, 40 материал баспа басылымдарында, 122 материал әлеуметтік желілерде орналастырылды.

Сондай-ақ, 113 рейдтік іс-шара өткізіліп, профилактикалық және түсіндіру жұмыстарымен 15 971 адам қамтылды. Өрт сөндіру күштері мен құралдарының дайындығын пысықтау мақсатында ерікті өртке қарсы құралымдардың, өрт сөндіру бекеттерінің және азаматтық қорғау органдары бөлімшелерінің қатысуымен 18 оқу-жаттығу мен жаттығу өткізілді.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарының өкілдерімен 19 дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өрт қауіпсіздігі талаптары, өрт туындаған жағдайда әрекет ету тәртібі және ауыл шаруашылығы жұмыстары кезіндегі сақтық шаралары түсіндірілді.

Тұрғын үй секторлары мен саяжай аумақтарында да профилактикалық жұмыстар тұрақты жүргізілді. Рейдтік іс-шаралар барысында қоқыс пен құрғақ шөпті өртеуге жол бермеу мәселесіне ерекше назар аударылды. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны, атап айтқанда қоқыс жаққаны үшін 20 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 3 млн 27 мың 500 теңге айыппұл салынды.

Брифинг қорытындысында спикер табиғи өрттердің алдын алу, халықтың өрт қауіпсіздігі мәдениетін арттыру және төтенше жағдайларға жедел ден қою күштері мен құралдарының дайындығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

11:30
18
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.