Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Ұлытау облысында кедендік бақылау мәселелері бойынша брифинг өтті

Изображение

2026 жылғы 18 қарашада Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Кедендік бақылау» тақырыбында брифинг өтті.

Брифинг спикері – Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы Габит Калиякасов.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасындағы кедендік бақылаудың негізгі бағыттары, оны жүзеге асыру тәртібі, құқықтық негіздері және кеден органдары қызметінің басым міндеттері туралы ақпарат берілді.

Спикер өз сөзінде кедендік бақылау елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі екенін атап өтті. Оның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, кедендік төлемдер мен салықтардың толық әрі уақтылы түсуін бақылау, сондай-ақ кедендік құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Сонымен қатар брифинг барысында кедендік бақылаудың негізгі нысандары мен әдістері түсіндірілді. Атап айтқанда, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік қарап-тексеру, құжаттар мен мәліметтерді тексеру, түсініктемелер алу, кедендік тексерулер жүргізу және тауарлар шығарылғаннан кейінгі бақылау мәселелеріне назар аударылды.

Габит Калиякасов кедендік әкімшілендіру саласында заманауи цифрлық технологиялар мен тәуекелдерді басқару жүйесінің маңыздылығына да тоқталды. Аталған тетіктер кедендік рәсімдердің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, бақылау шараларын тәуекел деңгейіне қарай саралауға және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Брифингте кедендік бақылаудың мемлекеттік бюджет кірістерін қалыптастырудағы, заңсыз тауар айналымының жолын кесудегі, отандық өндірушілердің мүдделерін қорғаудағы және сыртқы экономикалық қызметтің заңдылығын қамтамасыз етудегі рөлі ерекше атап өтілді.

Қорытындылай келе, кедендік бақылау жүйесін жетілдіру, бақылау үдерістерін цифрландыру және тәуекелдерді басқару тетіктерін тиімді қолдану кедендік әкімшілендіру сапасын арттырудың негізгі бағыттары болып табылады.

Іс-шара соңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің тақырып аясындағы сұрақтарына жауаптар берілді.

12:00
21
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.