Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Кандидаттар кеншілермен кездесті

Кандидаттар кеншілермен кездесті

Изображение

«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Тұрсынбек Мақышев, Ақжол Құрмансейіт, Әлдібек Тәуекелов, Абылай Жәнібеков және Диас Алтынбек «Қазақмыс» корпорациясына» ЖШС қарасты Шығыс Жезқазған кенішінің кеншілерімен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар кеншілерді партияның алдағы бес жылға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру мәселелеріне баса назар аударылды.

Өз сөзінде Ақжол Құрмансейіт әлеуметтік нысандардың, атап айтқанда, мектептер, балабақшалар мен ауруханалардың, сондай-ақ жолдардың құрылысы кезең-кезеңімен жүзеге асырылуына ықпал ететіндерін атап өтті.

Ал Тұрсынбек Мақышев өңір экономикасының дамуына кеншілердің қосып отырған үлесі зор екенін жеткізді. Ол кеншілер еңбегінің аймақтың өндірістік әлеуетін арттырудағы маңыздылығына тоқталды.

Кездесу соңында кандидаттар тұрғындарды 29 қараша күні өтетін сайлауда өз таңдауларын жасауға шақырып, партияның сайлауалды бағдарламасымен танысуға үндеді.

Изготовлено: Пресс-служба филиала партии «Әділет» по области Ұлытау.

Заказчик: Құрмансейіт А.А.

Оплачено из средств избирательного фонда ОО «Партия «Әділет», выдвинувшего партийный список на выборах депутатов маслихата области Ұлытау.

15:50
26
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.