Президент реформалары – елде жаңа саяси мәдениет қалыптастырады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын тарихи құжат деп айтуға толық негіз бар. Дәл бүгін Қазақстанның саяси өмірінде болып жатқан қадау-қадау оқиғалар өз бастауын сол Президентіміздің саяси реформаларынан алғанын ешкім жоққа шығара алмаса керек. Аталған құжат мемлекеттің шын мәнінде барлық саласын қамтыған сара стратегиялық жоспар болғанын уақыт дәлелдеп отыр, сонымен қатар алғаш рет елді демократияландырудың алғышарттарын айқындап берді. Ең бастысы, онда мемлекет басшысы ел өміріне ауадай қажет саяси шешімдер мен жаңа мемлекеттік құрылымның табантірегін белгілей алды. Президент реформаларында алдымен биліктің бір қолда шоғырлануын шектеу бағытындағы өзгерістерге ерекше мән бергені, бұдан кейін іске асатын барлық игі істердің бастауындай көрінгені тағы рас. 2022 жылы жазда өткен референдумнан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ата заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сай биліктің барлық тармағын реформалауды батыл жүргізді. Президенттің бұл бастамасы халықтың қолдауына ие болды. Мемлекет басшысы атап өткендей, конституциялық реформа арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды. Адам құқығы мен бостандығын қорғауға қатысты жұмыс жаңаша сипат алды. Азаматтардың саяси өмірге емін-еркін араласуына жол ашылды. Реформаның негізгі мақсаттары: алдын алу шараларына және бейбітшілікті сақтауға баса назар аудару; бітімгершілік операциялар мен арнайы Саяси миссиялардың тиімділігі мен дәйектілігін арттыру; бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірыңғай, кешенді жүйесіне көшу; бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын құрылымдардың даму және адам құқықтары жөніндегі бөлімшелермен тығыз байланысын қамтамасыз ету бағытында мағыналы шешімге ие болды.
Бексұлтан Мағрұпжан,
Жаңаарқа жастары еріктілер лигасының жетекшісі