Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Ұлытау ауданында сайлаушылар белсенділігі жоғары

Ұлытау ауданында сайлаушылар белсенділігі жоғары

Бүгін ауданымыз үшін айрықша күн. Өңірімізді тұңғыш рет аудан әкімінің сайлауы өтуде. Аудан басшысын халық өзі сайлайтын бұл пилоттық жобаға Ұлытау ауданы да кірген болатын. Сондықтан да бұл күнді тарихи күн десек болады.

Міне, осы тарихи сәт Жезді кентінде де ойдағыдай өтіп жатыр. Біз хабарласқан №708-ші сайлау учаскесінде саяси науқан әдеттегідей таңғы сағат 7.00-де басталыпты. Дауыс беруге кент әкімі Мұратбек Жұмабеков те арнайы келіп, жерлестерін маңызды науқанның басталуымен құттықтады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында еліміздің сайлау жүйесін жетілдіруді тапсырған болатын. Осы саяси реформа аясында ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмі іске қосылды. Демократиялық үрдіс өзінің жалғасын тауып отыр.

Изображение

Жалпы, кейінгі уақытта Президент тапсырмасына байланысты сайлау жүйесіне көптеген жаңашылдық енгізілді. Әлбетте, кез келген саяси жаңғырудың басты мақсаты азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру, – деді кент әкімі Мұратбек Жұмабеков өз сөзінде.

№708 сайлау учаскесі төрағасы Ләззат Молдабаеваның айтуынша халықтың науқанға қатысу үрдісі жаман емес.

– Біздің учаске бойынша барлығы 446 адам тіркелген. Олардың қатарында 20 шақты үлкен кісілеріміз бар. Сондай-ақ, 4-5 мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларымыз да бар. Бұл азаматтардан біз үйлеріне барып дауыс алуды ұйғарып отырмыз, – дейді Ләззат Қуанышқызы.

Кент тұрғыны, алпысты алқымдап қалған сайлаушы Жұмағали Күдеров ең алғашқы болып дауыс берген екен.

12:35
44
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.