Ұлытау ауданында мемлекеттік қызметшілермен профилактикалық кездесу өтті

Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері облыс әкімінің аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі және полиция қызметкерлерімен бірлесіп Ұлытау ауданының мемлекеттік қызметшілері мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қызметкерлерімен профилактикалық кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына қатысты заңнамалық шектеулер түсіндіріліп, лудоманияның алдын алу шаралары, сондай-ақ цифрлық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар цифрлық гигиена қағидалары, дербес және қызметтік деректерді ақпараттың сыртқа таралуынан қорғау, интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері және олардан сақтану жолдары жан-жақты түсіндірілді.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар құқықтық сауаттылықты арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға және азаматтардың ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Іс-шара Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің профилактикалық жұмысы аясында және «Заң мен тәртіп» нарративін іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.