Газета Жезказганский вестник Газета Жезказганский вестник

Самая актуальная и достоверная информация о жизни города!

Комиссия мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптары

Аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 129/624 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 31263 болып тіркелді

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңы 10-бабының 3-тармағына, 12-бабының 16-13) тармақшасына, 19-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. Аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

         2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

         3. Осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

         4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

Н. Абдиров  Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы

«КЕЛІСІЛДІ» 

Қазақстан Республикасының 

Қаржы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ» 

Қазақстан Республикасының 

Ұлттық экономика министрлігі

 
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау
комиссиясының Төрағасы
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 129/624 Қаулыға
қосымша
 

Аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптары

1-тарау. Жалпы ережелер

         1. Аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын осы біліктілік талаптары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес әзірленді және аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленеді.

         2. Аумақтық сайлау комиссияларының мүшелігіне кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары:

         1) білім деңгейіне;

         2) мемлекеттік ұйымдардағы, мекемелердегі, үкіметтік емес ұйымдардағы жұмыс өтіліне және (немесе) Қазақстан Республикасының сайлау органдарындағы жұмыс тәжірибесіне;

         3) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесі арқылы тексерілетін Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын білуден тұратын, кәсіби қызметті тиімді орындау үшін қажетті құзыреттерге қойылатын талаптарды қамтиды.

2-тарау. Аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптары

         3. Аумақтық сайлау комиссиясының мүшесіне қойылатын біліктілік талаптары:

      1) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасауға жауапты мүше үшін:

         жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

         Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын білу. 

         Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс: 

         аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшы лауазымдарында екі жылдан кем емес;

         Қазақстан Республикасының сайлау органдарында жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

         2) сайлау комиссиясының қызметін құқықтық қамтамасыз ету мәселелеріне жауапты мүше үшін:

         жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; 

         Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын білу.

         Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс: 

         аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

         мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес немесе құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес; 

         Қазақстан Республикасының сайлау органдарында жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

       3) сайлау комиссиясының қызметін қаржылық сүйемелдеу мәселелеріне жауапты мүше үшін: 

         жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

         Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын білу.

         Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

         аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

         мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде қаржы қызметін ұйымдастыру саласында мамандығы бойынша үш жылдан кем емес;

         Қазақстан Республикасының сайлау органдарында жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

         4) сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру саласындағы жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету, сайлау ұйымдастырушыларын және сайлау процесінің басқа қатысушыларын оқыту мәселеріне жауапты мүше үшін:

         жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; 

         Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын білу.

         Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс: 

         аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

         мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде білім беру саласындағы мемлекеттік органдардағы басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; 

         Қазақстан Республикасының сайлау органдарында жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

         5) сайлау комиссиясының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету мәселелеріне жауапты мүше үшін:

         жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

         Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

         аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

         Қазақстан Республикасының сайлау органдарындағы жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

         6) сайлау комиссиясының қызметін IT-сүйемелдеу мәселелеріне жауапты мүше үшін:

         орта білімнен кейінгі, жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

         Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

         аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

         Қазақстан Республикасының сайлау органдарындағы жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

         7) сайлау процесін ұйымдастыру, мүгедек адамдарға жағдайлар жасауды қамтамасыз ету мәселелеріне жауапты мүше үшін:

         жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

         Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

         аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

         Қазақстан Республикасының сайлау органдарындағы жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.


Ұлытау облыстық мәслихатының облыстық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЫ

            Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі — Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ұлытау облыстық мәслихаты облыстық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Аумақтық сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады. 

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

 Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды. 

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

            2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.    

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген, аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификаты  болуға тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссияның құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.     

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін дүйсенбі — жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 30-ге дейін жүзеге асырылады.

 
 
Ұлытау облысының мәслихаты

Ұлытау облысы мәслихатының  төрағасы — Бауыржан Қабденұлы Шыңғысов.  

Мәслихаттың орналасқан жері: Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1.

Жауапты адам — Жолаев Ернар Расилұлы, каб. № 109, қалааралық телефон коды (87102 711323), қызметтік ұялы телефоны (87074385181), электрондық пошта мекенжайы (obl_maslihat_ulytau@mail.ru)

.


_____________________________________________________

(мәслихаттың толық атауы)

төрағасына

  _________________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

_______________________________________________тұратын

  (облыс,  Астана қ, Алматы қ, Шымкент қ...)

_________________________________________________________

аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)

______________________________________________________

(ұялы телефондардың нөмірлері)

Өтініш

Мен,__________________________________________________________________________

    (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

      ______________________________________________________________________

  (саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы)
 
ұсынылған Қазақстан Республикасының азаматы, аумақтық сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін. 
 
Сайлау жүйесінде жұмыс тәжірибем бар ______ жыл:
_____________________________________________________________________________________

(комиссияның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін)

Төмендегілер үшін жауапты аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде _____ жылдан кем емес жұмыс өтілі бар 

□ мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау; 

□ сайлау комиссиясының қызметін құқықтық қамтамасыз ету мәселелері үшін;

□ сайлау комиссиясының қызметін қаржылық сүйемелдеу мәселелері үшін; 

□ сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, сайлау ұйымдастырушыларды және сайлау процесіне басқа да қатысушыларды оқыту саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету мәселелері үшін;

□ сайлау комиссиясының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері үшін; 

□сайлау комиссиясының қызметін IT-сүйемелдеу мәселелері үшін;

□ сайлау процесін ұйымдастыру, мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайларды қамтамасыз ету мәселелері үшін),

оның ішінде ұйымдардың басшылық лауазымдарында кемінде ____ жыл жұмыс өтілім бар.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелерін қоса тіркеймін.

Өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығым жоқ.

Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.

Мен Парламент, мәслихат депутаты, әкім, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.

Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынып тасталмаған сотталғандығымның,  iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін.

2023 жылғы «____»____________                                        _________________________

                                                                                             (өтініш берушінің қолы)

Өмірбаяндық деректер:

Туған күні  19 _____ жылғы «____» _______________ 

Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) _____________________________________________________

Ұлты* _______________________________

Партиядағы мүшелігі * _______________________________________________________________

Білімі   _____________________________________________________________________________

Мамандығы  _________________________________________________________________________

Жұмыс орны немесе кәсіп түрі __________________________________________________________

Атқаратын қызметі ____________________________________________________________________

Жеке куәліктің деректері _____________________________________________________________

                                                     (куәлік нөмірі, қашан және кім берген)

Мен:
—          мемлекеттік ұйымдарда, мекемелерде, үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс өтілін және (немесе) Қазақстан Республикасының сайлау органдарында жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар;
—          мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін*.
 

Ескертпе: 

* Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.
** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Өтінішке қосымша

Жақын туыстары  туралы мәліметтер __________________________________________________________________

                                                                                    (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

р/б            Жақын туысқандарының тегі, аты, әкесінің аты 
(болған кезде)
ескертпе
1.әкесі
2.анасы
3.ұлы
4.қызы
5.ағасы
6.әпкесі
7.атасы
8.әжесі
9.немересі
10.жұбайы (зайыбы)

Изображение

11:20
105
Используя этот сайт, вы соглашаетесь с тем, что мы используем файлы cookie.