Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қаржылық қауіпсіздік мәселелері бойынша Облыстық фтизиопульмонология орталығы мамандарымен жұмыс кездесуін ұйымдастырды.

Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қаржылық қауіпсіздік мәселелері бойынша Облыстық фтизиопульмонология орталығы мамандарымен жұмыс кездесуін ұйымдастырды.
Іс-шара барысында қатысушыларға жеке қаржыны ұтымды басқарудың негізгі қағидалары, қаржылық алаяқтыққа қарсы тұру тәсілдері, сондай-ақ цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық ережелері түсіндірілді.
Қатысушыларға қаржылық тәуекелдер мен оларды болдырмау тәсілдері туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған алдын алу бейнероликтері ұсынылып, @baiqa_piramida_bot онлайн құралына тікелей қол жеткізуге мүмкіндік беретін QR-коды бар ақпараттық буклеттер таратылды.
Мұндай кездесулердің өткізілуі халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға, алаяқтық схемалармен байланысты тәуекелдерді төмендетуге және жеке қаржыға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.